Трамп АҚШ Жоғарғы сотына Колорадодағы сайлауға түсуге өтініш білдірді

Құжатта штаттың Жоғарғы сотының мұндай шешім қабылдауға құқығы болмағаны және АҚШ Конституциясының 3-бөлімін дұрыс түсіндірмегені атап өтілген.
Бұрынғы президент Дональд Трамп өзінің Колорадодағы праймеризден шеттетілуіне байланысты АҚШ Жоғарғы сотына шағымданды. Бұл туралы саясаткердің үндеуінде айтылған.
2024 жылы Республикалық партиядан президенттікке үміткер сауалнамалардың жетекшісі Трамп алда өтетін саулауға кімнің сайланатынын сайлаушылар шешуі керек, ал штат судьялары оның талаптарға сай келетін-келмейтінін шешпеуі тиіс екенін айтты.
Оның адвокаттары Колорадоның шешімі «Колорадодағы миллиондаған, ел бойынша ондаған миллион сайлаушыны сайлау құқығынан айырады» деп жазды.
Адвокаттар соттың бұл мәселені тез арада шешуі маңызды екенін хабарлайды. Трамптың командасы Колорадо сотының шешімін бұзудың бірнеше себебін айтап көрсеткен.
«Президентке 14-ші түзетудің 3-бөлімі қолданылмайды және бұл дәлелді төменгі деңгейдегі Колорадо штатындағы бірінші сатыдағы судьясы қабылдады», - дейді олар.
Екіншіден, олар Конгресс 14-ші түзетудің осы бөлігін орындайтын заң қабылдамағанын және оны шешуді штат судьяларына қалдыруға болмайтынын айтады.
Штаттың Жоғарғы сотының мұндай шешім қабылдауға құқы болмағаны және АҚШ Конституциясының 3-бөлімін дұрыс түсіндірмегені атап өтіледі.