Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:30

Таразда қалалық ауруханада 758 миллион теңге жымқырылған

Тараз қалалық ауруханасы
Фото: Inform.kz

Таразда қалалық көпсалалы ауруханада 758 миллион теңгеден астам қаржы ұрланғаны анықталды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Мекеменің мәліметінше, Тараз қалалық соты бюджет қаржысын ірі көлемде жымқыру дерегі бойынша үкім шығарды.

Тергеу барысында аурухананың бас дәрігерінің экономика жөніндегі орынбасары Шаушенова С. мен бас есепші Достаева А. 758 миллион теңгеден астам қаржыны иемденгені үшін кінәлі деп танылды. Ақша жалған құжаттар негізінде «Қайрат СК-Құрылыс» ЖШС-нің шотына заңсыз аударылып отырған.

Бұдан бөлек, Шаушенова қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін де жауапқа тартылды.

Сот үкімімен Шаушенова 9 жылға, ал Достаева 6 жылға сотталды. Екеуі де 10 жыл мерзімге қаржы саласына қатысты қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.