Перизат Қайрат атышулы қорын жою туралы шешімге шағым түсірді

Астананың қалалық сотына Perizat Qairat басқаратын атышулы Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қайырымдылық қорын жою туралы шешімге байланысты апелляциялық шағым түсті.
Еске салайық, бұл ұйымды Әділет министрлігінің талап-арызы негізінде экономикалық сот мәжбүрлеп тарату туралы шешім шығарған болатын. Енді қордың өкілдері бұл шешімді қайта қарап, ұйымды “тірілтуге” тырысып жатыр.
Қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл іс 15 мамырда өндірісқа қабылданған. Алайда апелляциялық сот отырысының нақты уақыты әлі белгіленген жоқ.
Ашық деректерге сүйенсек, Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қорының құрылтайшылары ретінде 10 адамның есімі тіркелген: Перизат Қайрат, Сергей Матюшенко, Арсланбек Мәғзұм, Шадияр Турғанбай, Аружан Аманбай, Тоқтар Болысов, Дамир Хисматуллин, Айгерім Серікжанова, Гүлназ Сейітқамали және Аян Хафиз.
Бірінші инстанция сотының шешімінде Перизат Қайрат қорды тіркеу кезінде басқа құрылтайшылардың қолдарын қолдан жасағаны анықталған.
Бүгін Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайраттың іс материалдарымен танысуды әдейі кешіктіргенін айтты. Алайда оның қылмыстық ісі маусым айында сотқа жолдануы мүмкін екені де белгілі болды.
Перизат Қайрат бірнеше ай бойы БАҚ-та түрлі даулы мәлімдемелерімен, сондай-ақ әлеуметтік желілерде “қоғам мүддесі үшін күресіп жүрмін” деген ұранмен белсенді әрекеттерімен танылған. Алайда билік органдары қор қызметінің заңсыздығын дәлелдеп, оны таратуға шешім шығарған еді.