Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 13:20

Биыл 15 мың адамға рақымшылық жасалады: Бишімбаев бұл тізімге іліге ме?

Бишімбаев
Фото: zhasalash.kz (ЖИ)

Мәжіліс Конституцияның 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заңды қабылдады.

Абзал Құспанның айтуынша, түрмелер мен уақытша ұстау изоляторларында 40 мыңнан астамадам отыр. Бұдан бөлек 27 мың адам пробация қызметінің есебінде тұр.

«Рақымшылық жасауға бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын 6 мың сотталған және пробация қызметінің есебінде тұрған 9 мың адам, барлығы 15 мың адам қамтылады», - дейді ол.

2006 жылы Тәуелсіздік күніне орай 5 579 адамға амнистия жасалған. 2012 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай – 3702 адам, 2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай – 5010 адам, 2021 жылы Тәуелсіздіктің отыз жылдығына орай 2 470 адам босап шыққан.

Қуандық Бишімбаев рақымшылыққа іліге ме?

Жоқ, ол амнистияға ілінбейді. Өліммен байланысты қылмыс жасағандар бұл тізімге кірмейді. Тіпті жол апаты кезінде байқаусызда өлімге алып келген жағдайлар бойынша да рақымшылық жасалмайды. Ал қасақана өлімге әкелу жағдайлары да амнистияға жатпайды. Бұл депутаттардың шешімі, – деді Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев.

Елімізде "Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасы әзірленді. Осыған орай 4 мыңнан аса сотталушыға рақымшылық жасалады.

Ал Шерзат ісінде сотталушылардың бірі Думан Ысқақ рақымшылыққа ілінуі мүмкін.

Бұл туралы мәжіліс депутаты Абзал Құспан айтты.

- Шерзат Полат ісін бәріміз қарадық. Ол жерде адам өліміне әкеліп соққан іс болғандықтан рақымшылық актісі қолданылмайды. Қалай болған күннің өзінде адам өліміне алып келген бап болса, егер бұзақылық бабы болса да адам өліміне әкеліп соқса онда рақымшылық қолданылмайды. Ал қылмыстық кодекстің 434-бабы (қылмысты хабарламау) бойынша бойынша жазаланса, рақымшылыққа ілінуі мүмкін, – дейді Құспан.

Айта кетейік, әңгіме Шерзат ісінде сотталған кәмелетке толмаған Думан Ысқақ жайлы болып отыр. Ол қылмыстық кодекстің 434-бап (ауыр қылмыс жасалғанын хабарламау) бойынша 1,5 жылға сотталды. Оның изолятордағы бір күні екі күн ретінде есептелетін болды.

Тегтер: