Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 18:00

Қазақстандағы алтын қоры таусылуға жақын

Алтын
Фото: БАҚ

Қазақстанда алтын қоры шамамен 30 жылға ғана жетеді.

Ал мыс 38 жылға жетеді. Бұл туралы LS басылымы ҚР Индустрия және құрылыс министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің соңғы деректеріне сәйкес, еліміздің негізгі пайдалы қазбалар бойынша қамтамасыз етілу мерзімі мынадай:

  • алтын – 30 жыл,
  • мыс – 38 жыл,
  • қорғасын – 156 жыл,
  • темір кені – 957 жыл,
  • көмір – 350 жыл.

Сондай-ақ марганец, титан, молибден сынды стратегиялық маңызды минералдар бойынша да қор жеткілікті және тұрақты. Ведомствоның айтуынша, пайдалы қазбаларды рационалды өндіру мен геологиялық барлау жұмыстарын тұрақты жүргізу арқылы Қазақстан шикізат нарығындағы әлемдік позициясын сақтап қана қоймай, оны нығайта да алады.

Бұл — қазбаларды ұтымды пайдаланып, геологиялық барлау жұмыстарын жүйелі жүргізу арқылы Қазақстан өз ресурстық әлеуетін сақтап қана қоймай, жаһандық шикізат нарығындағы орнын одан әрі нығайта алады деген сөз. Ресурстық база тұрақтылығы — инвестиция тартудың, тау-кен өнеркәсібін дамытудың және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі тірегі, - деп атап өтті ведомство.

Айта кету керек, Қазақстанның алтын-валюта қоры, яғни валюталық халықаралық резервтері, шетел валютасы мен алтыннан тұрады. Бұл активтерге Ұлттық банк ие. 2025 жылдың маусым айының басында Қазақстанның алтын қоры 291,4 тонна болған. Бұл – еліміздің бүкіл халықаралық резервтерінің 58,6%-ы. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан әлемде 20-орында тұр.

Сонымен қатар елде заңсыз алтын өндіретін тұтас қылмыстық топтар анықталып жатыр. Ал кейбір алтын және мыс кен орындары шетелдік компанияларға сатылып кеткен. 

Тегтер: