Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:00, 25 Наурыз 2026

Трамп Иранмен соғысты мамырдың ортасына дейін аяқтағысы келеді

Трамп
Фото: БАҚ

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен қақтығысты ұзаққа созбай, жақын апталарда тоқтатуды қалайтынын мәлімдеді.

Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлады.

Басылым деректеріне сүйенсек, Трамп кеңесшілерімен кездесуде соғыстың шешуші кезеңінде тұрғанын айтып, оны төрт–алты апта ішінде аяқтау қажеттігін атап өткен. Ақ үй өкілдері президент соғысты Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен 14–15 мамырға жоспарланған кездесуге дейін аяқтауды көздеп отырғанын хабарлаған.

Алайда WSJ бейбіт келіссөздердің әлі бастапқы деңгейде екенін, соғысты тоқтатудың оңай жолы жоқ екенін ескертеді. Кейбір дереккөздер Трамптың басқа назар аударуы мүмкін мақсаттарының Кубадағы режимді ауыстыруға қатысты болуы ықтимал деп болжайды.