Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:15

Трамптың өткір мәлімдемелерінен кейін Путиннің кеңесшісі АҚШ-пен «диалогты жалғастыруға» шақырды

Трамп
Фото: БАҚ

Ресей тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев әлеуметтік желіде Ресей мен АҚШ арасындағы конструктивті диалог «қысым көрсету мен деструктивті риторикадан» гөрі әлдеқайда пайдалы екенін мәлімдеді. 

Ол тараптар «диалогты бұзуға бағытталған титаникалық күш-жігерге» қарамастан, өзара қарым-қатынасты жалғастыратынына сенімді екенін айтты. Алайда кімнің нақты бұл диалогқа кедергі жасап жатқаны туралы ашып айтпады.

Дмитриевтің сөзінше, жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылыққа тек ынтымақтастық арқылы қол жеткізуге болады, ал тең құқықты диалог, өзара құрмет пен экономикалық серіктестік – бұл қатынастардың негізі.

– Байденнің қателіктері мен жалғандығы түзетіледі, - деді ол.

Сондай-ақ ол ФОМ жүргізген сауалнама нәтижесіне сілтеме жасап, ресейліктердің 61 пайызы АҚШ-пен достық қарым-қатынас орнату керек деп есептейтінін атап өтті.

Бұл мәлімдеме АҚШ-тың Украинаға жаңа әскери көмек жариялағаны, Ресейге қарсы санкцияларды күшейту бойынша белсенді жұмыс басталғаны және Трамптың Путинге қатысты риторикасын қатайтқаны аясында жасалды. Осы уақытта Трамптың кеңесшісі Кит Кэллог Киевке барғаны да хабарланды.

Еске салайық, Трамп Ресейге «ренжігенін» және «ашуланғанын» мәлімдеді. Ол Путиннің әрекеттері өзін таңғалдырғанын айтты. Бұған дейін Трамп Ресей президентін Украинаға қатысты «сандырақ айтып отыр» деп айыптаған болатын. Вашингтонда қазірдің өзінде Киевке жаңа қару жеткізу және Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар енгізу мәселесі талқыланып жатыр.