Әкімнің сөзін бөлгені үшін мандатынан айырылды: Жамбылдық депутат Amanat-пен соттасып жатыр

Жамбыл облысы әкімінің сөзін бөліп, ашық пікір білдіргені үшін мәслихат депутаты Дамир Ташқараев Amanat партиясынан шығарылып, депутаттық мандатынан айырылды.
Оқиға 19 наурызда өткен жиындардың бірінде болды. Жиын барысында Ташқараев облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің сөзін бөліп, қарсы уәж келтірген. Осы оқиғадан кейін бар болғаны тоғыз күн ішінде ол партия қатарынан шығарылып, үш күннен соң мәслихаттағы өкілеттігінен де айырылды. Партиядан шығару туралы шешімді облыстық мәслихаттағы депутаттардың барлығы бір ауыздан қолдаған.
Алайда Ташқараев бұған көнбей, Amanat партиясын сотқа берген. Ол үш адвокаттың көмегіне жүгінген. Қорғаушылардың айтуынша, экс-депутатқа тағылған айыптар негізсіз болуы мүмкін.
Айта кетейік, Дамир Ташқараев 2023 жылы облыстық мәслихат депутаты болып сайланған еді. Ташқараев 2024 жылдың қорытындысы бойынша халық өкілі депутаттардың KPI көрсеткіші бойынша көшбасшылар қатарынан көрінсе де, бір жыл бұрынғы көптеген этикалық бұзушылық фактілері анықталып, оны алып тастады. Енді ол сот арқылы партия мен өкілді органға қайта кірмек.
38 жастағы Дамир Ташқараев 2023 жылғы наурызда VIII шақырылымдағы облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланды, Amanat партиясының партиялық тізімі бойынша өткен.
Кейін жиындардың бірінде Дамир Ташқараев пен облыс әкімі арасында дау туыпты. Депутат әкімнің сөзін бөлген. Тоғыз күннен кейін Ташқараев партиядан, үш күннен кейін облыстық мәслихаттан шығарылды.
Қазір қоғамда бұл жағдай “пікір білдіру еркіндігі шектелді ме?” деген сұрақты қайта қозғап отыр.
Ақын-жазушы Мұхтар Шаханов депутатты қолдап, үндеу жолдады:
“Мен Дамир Отарбайұлы Ташқараевты бірнеше жылдан бері білемін. Ол – ерекше адамдардың бірі. Оның депутаттық мандатынан айырылғаны, шындықты айтатын адамдардың енді қажетсіздігі – мені қатты таңғалдырды. Мен оны қолдаймын”, - деді ол.