Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 15:40

Гарвард университетінде 7 Қазақстан азаматы оқып жатыр, олар оқудан шығарыла ма?

Саясат Нұрбек
Фото: zhasalash.kz

Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. 7 адам да «Болашақ» бағларламасымен оқуға түскен.

«Басқа бағдарламалар немесе өз қаражатына оқып жатқан студенттер туралы мәлімет бізде жоқ», - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Дональд Трамп әкімшілігі Гарвард университетіне шетел студенттерін қабылдауға және оқытуға тыйым салды. Бұл өзгеріс Қазақстанның жеті азаматына қалай әсер ететіні белгісіз. Олар басқа оқу орнына ауысуы да мүмкін. 

2024-2025 жылы Гарвард университеті 6800 шетел студентін қабылдаған.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Гарвардта оқып жатқан Қазақстан азаматтары туралы пікір білдірді.

Саясат Нұрбек «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жүргендер АҚШ-тағы өзге беделді университеттерге ауыса алатынын айтты.

"Біз барлық тиісті сұраныстарды жолдадық. Қабылданған шешім әзірге нақты емес. Қазіргі уақытта сот процестері жалғасуда. Келесі сот отырысы 29 мамырға белгіленген, ол АҚШ-та өтеді. Қазір дүрбелеңге салынудың қажеті жоқ, сот шешімін күту керек. АҚШ-тағы сот инстанциялары соңғы шешімді шығарады: бұл шешім қолдау таба ма, әлде заңды күшіне енбей ме – соны солар анықтайды. Сондықтан, қазіргі уақытта ресми шешімді күткеніміз дұрыс", - деді Саясат Нұрбек Astana International Forum (AIF) аясында өткен кулуарлық кездесуде.

Осылайша ғылым және жоғары білім министрі шетел студенттерін Гарвардтан шығару түпкілікті әрі нақты шешім емес екенін жеткізді.

«Қазіргі кезде маңызды шешімдер жүріп жатыр. Кезекті сот отырысы АҚШ-та бүгін өтеді. Ол жақта аралық шешім қабылданады: не Гарвардтағы шетел студенттеріне виза алуға шектеу қояды, не бұл шешімнің күшін жояды. Егер шектеу күшіне енсе, бізде бұл жағдайда әрекет етуге арналған дайын алгоритм бар», - деп толықтырды Саясат Нұрбек.