Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:20

Саяси журналистика байқауының жеңімпаздары анықталды

Байқау
Фото: zhasalash.kz

Алматыда саяси журналистика бағытында ұйымдастырылған, марқұм журналист Рахат Мамырбек атындағы байқаудың қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар марапатталды.

Үшінші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан байқауға биыл 52 материал ұсынылған. «Үздік мақала» номинациясында Мақсұт Нәрікбаев атындағы университеттің үшінші курс студенті Мөлдір Қабыкеннің әскердегі әлімжеттік мәселесін қозғайтын «Өмір үшін күрес» атты мақаласы үздік деп танылды. Ал «Үздік видео» аталымында Батыс Қазақстан облысынан қатысқан журналист Азамат Хамзаның тәуелсіз бақылаушылар жайлы түсірілген «20-1» деректі фильмі жеңіске жетті.

Байқау жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

– Бұл марапат – сөз бостандығына сенетін журналистердің еңбегіне көрсетілген құрмет. Рахат Мамырбекті еске алу ғана емес, бұл тәуелсіз журналистиканы қолдаудың нақты қадамы деп есептеймін, - деді Азамат Хамза марапаттау рәсімінде.

Тегтер: