Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:20

Трамп Маскқа: «Дүкеніңді жап та, Оңтүстік Африкаға қайт»

Маск
Фото: yahoo

Трамп Truth Social желісінде Илона Маскқа қатаң жауап берді. 

Бұл — миллиардердің салықтар мен шығындар туралы жаңа заң жобасын сынға алғанынан кейін туындаған пікірталас.

«Электромобильдер — жақсы нәрсе. Бірақ бәрін соған күштеп отырғызуға болмайды. Илон, мүмкін, тарихтағы ең көп субсидия алған адам шығар. Егер сол көмектер болмағанда, әлдеқашан дүкенін жауып, үйіне — Оңтүстік Африкаға кетер еді»,- деді Трамп.

Ол сондай-ақ АҚШ-тың Мемлекеттік тиімділік департаментіне (DOGE) Масктың қызметін тексеруді ұсынды. Оның пікірінше, зымырандар мен спутниктерді ұшыру, электрокарлар шығару — «ел бюджеті үшін аса үлкен шығын».

Жазба
Фото: Truth Social

Даудың бастамасы — One Big Beautiful Bill («Бір үлкен әрі көркем заң») атты жаңа заң жобасы болды. Бұл құжатта:

  • $4 трлн көлемінде салықтық жеңілдіктер,
  • Елден заңсыз мигранттарды жаппай депортациялауға қаржыландыру қарастырылған.

Заң жобасы — Трамптың сайлауалды басты бастамаларының бірі, алайда Илон Маск оны ашық түрде сынады.