Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:40, 19 Мамыр 2025

Ермек Тұрсыновтың жазбасына жауап: Антикор түсініктеме берді

Ермек Тұрсынов
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның Антикоррупциялық қызметі режиссер Ермек Тұрсыновтың әлеуметтік желідегі жазбасына жауап беріп, қазіргі уақытта оған қатысты тергеу шаралары жүргізілмейтінін мәлімдеді.

- БАҚ-тың сауалдарына жауап ретінде қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатпағанын хабарлаймыз. Осыған байланысты, Facebook әлеуметтік желісіндегі аталған азамат жариялаған мәліметтер Антикорға беймәлім. Бұған дейін Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының ішкі аудит қызметінің қорытындысымен бірге режиссер «Н» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке өтініш білдіріп, «Ұзақ жаңғырық» көркем фильмін жасау кезінде киностудияның бұрынғы басшылығы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп, оларды қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған. Осы өтініш негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды, - делінген хабарламада. 

Тергеу барысында субмердігерлік жұмыстарды орындаушы ретінде “Alashfilm” ЖШС анықталған, оның бұрынғы директоры азамат “Т.” болып шықты. Ол бұған дейін Ермек Тұрсыновпен бірге “Тұрсыновфильм” ЖШС-де серіктес болған. Азамат “Т.” куәгер ретінде тергеу әрекеттеріне қатысқан, ал Тұрсынов тергеу органдарына шақырылмаған. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша ешкімге күдік тағылмаған.

Еске сала кетейік, Ермек Тұрсынов бұған дейін әлеуметтік желіде Қазақстаннан кеткенін және өзінің фильмдеріне қатысты тексерулердің жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді.