Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:35, 04 Маусым 2025

Конституция күніне орай кімдер түрмеден босатылады?

Рақымшылық
Фото: zhasalash.kz (ЖИ)

Мәжіліс “Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы” заң жобасын қарауға қабылдады.

Депутаттардың айтуынша, рақымшылық ең алдымен әлеуметтік осал топтарға жасалады. Бұған дейін депутат Қарақат Әбден 2 мыңнан астам әйелді түрмеден босату мүмкін екенін айтқан.

– Зейнеткерлер, кәмелетке толмағандар, әйелдер мен жалғызбасты әкелер (жазаланарға дейін баласын өзі тәрбиелеген) секілді адамдарға рақымшылық жасалады. Яғни, қоғамға қауіп төндірмейтіндерге қолданылады, - деді депутат Абзал Құспан.

Заң жобасына сәйкес, ұрлық пен алаяқтық жасағандар да егер келтірілген залалды өтеген болса, рақымшылыққа ілінуі мүмкін.

Алайда мына санаттағы адамдар рақымшылыққа ілікпейді:

  • Сыбайлас жемқорлар;
  • Адам өлтіргендер;
  • Жеке тұлғаға қарсы ауыр қылмыс жасағандар.

Депутат Николай Арсютиннің мәліметінше, рақымшылық 15 мың адамға қатысты болады. Оның ішінде 4 мыңнан астам адам түрмеден босатылады, қалғандарының жаза мерзімі қысқартылады.

Бұған дейін ІІМ сотталған әйелдерге рақымшылық жасауды қолдаған еді. Министрлік бұл бастама гуманизм мен мемлекет жүргізіп отырған әлеуметтік саясатты, әйелдердің қоғамға бейімделуіне деген көңілді көрсететінін айтты.

Тегтер: