Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:10, 06 Маусым 2025

«Орыс тілі – бұл біздің тіліміз»: Латвияда депутат отырыстан шеттетілді

Росликов
Фото: ашық дереккөз

Латвия сеймінің (парламентінің) депутаты Алексей Росликов отырыс кезінде орыс тіліне қолдау білдіргені үшін мәжілістен шығарылды. 

Бұл оқиға «Тұрақтылық» партиясының жетекшісі «Латвиядағы орыстандыру және оның тілдік салдарын жою туралы» декларация талқыланып жатқанда орын алған.

— Орыс тілі – бұл біздің тіліміз, – деді ол мінберден.

Росликовтың айтуынша, Латвия халқының қомақты бөлігі — этникалық орыстар, және олар күнделікті тұрмыста ана тілін қолданады. «Бұл адамдарсыз елдің толыққанды дамуы мүмкін емес», – деді ол. Алайда осы мәлімдемесінен кейін парламент спикері Дайга Миериня оның әрекетін «этикалық нормаларға қайшы» деп бағалап, Росликовты отырыстан шығару туралы дауыс беруді бастады. Нәтижесінде 63 депутат қолдап, ол залдан шығарылды.

Онымен қоса, депутат алдағы алты сессияға қатысу құқығынан айырылуы мүмкін.

Бұл оқиға Латвияда орыс тіліне қатысты шектеулердің күшеюімен тұспа-тұс келіп отыр. 2024 жылдың 29 мамырында Сейм мемлекеттік қызметтегі депутаттар мен шенеуніктер тек латыш тілін қолдануы тиіс деген түзетулерді үшінші оқылымда қабылдаған. Осылайша, ресми отырыстарда өзге тілдерге, соның ішінде орыс тіліне де жол берілмейді.

Ал 2024 жылғы 20 маусымда Латвия парламенті елде тұратын ресейлік азаматтарға ықтиярхатты ұзарту үшін латыш тілінен емтихан тапсыруды міндеттейтін заң қабылдады. Бұл талап 2003 жылға дейін тұрақты тұру құжатын алғандарға қатысты. Тек 75 жастан асқандар бұл талаптан босатылады.

Росликов бұл заңдар мен шектеулерді «аз ұлттарды шеттетуге бағытталған саяси репрессия» деп бағалайды. Оның пікірінше, Латвиядағы этникалық орыстар — елдің бір бөлігі ғана емес, елдің тарихы мен болашағына ықпал ете алатын толыққанды азаматтар.

Саясаткердің пікірінше, Латвия қоғамы тілдік емес, ортақ құндылықтар мен тең құқықтар төңірегінде бірігуі тиіс.

Тегтер: