Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:10

Қазақстанда қалыңдық ұрлағандар 7 жылға дейін сотталуы мүмкін

Алып қашу
Фото: ЖИ zhasalash.kz

Қазақстанда мәжбүрлі некеге тұрғызу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілмекші — 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылып отыр.

Мәжілісте қазір некеге мәжбүрлеуге қатысты қылмыстық жауапкершілікті көздейтін заңнамаға түзетулер қаралып жатыр. Бұл бастама, әсіресе, "қалыңдық ұрлау" сияқты әрекеттерді қылмыстық құқықбұзушылық ретінде тануға бағытталған.

Жаңа заңда "некеге мәжбүрлеу" деген нақты ұғым енгізіледі. Егер мұндай әрекет зорлық-зомбылықпен, адам ұрлау арқылы, бірнеше адамның қатысуымен немесе жәбірленушінің кәмелетке толмағандығы жағдайында жасалса, кінәлі тұлғалар 5–7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Соңғы үш жылда осы тақырыпқа қатысты 214 шағым тіркелген, алайда тек 10 іс сотқа дейін жеткен. Қалған істер түрлі себептермен жабылып қалған. Депутаттардың айтуынша, бір жағдайда қыз көліктен секіріп кетуге мәжбүр болған, алайда бұл да кінәлілерді жазалауға жеткіліксіз болыпты.

Егер ұсынылған түзетулер қабылданса, жаңа қылмыстық бап осы жылдың соңына дейін күшіне енуі мүмкін.

Мамандар бұл бастаманы қыз-келіншектердің құқығын қорғауға бағытталған маңызды қадам деп есептейді. Сондай-ақ қоғамда "дәстүр" деп ақталатын, шын мәнінде құқық бұзушылық болып саналыт әрекеттерге заң жүзінде нақты тосқауыл қойылады деп үміттенеді.

Тегтер: