Қазақстанның ең бай бизнесмені бұрынғы Jusan Bank-ті сатып алу мәмілесін аяқтады

Вячеслав Ким Alatau City Bank-тің сатып алу процесін аяқтады.
Бұған дейін бұл банк First Heartland Jusan Bank деп аталған.
2023 жылдан бастап Jusan Bank-тің иесі Ғалымжан Есенов болған.
«Alatau City Bank акционерлік қоғамы — Қазақстандағы жетекші қаржы институттарының бірі — бизнесмен Вячеслав Ким банк акцияларының 100 пайызын бұрынғы иесінен сатып алу мәмілесін аяқтағанын хабарлайды», - делінген банктің хабарламасында.
Kaspi.kz компаниясының теңқұрушысы әрі директорлар кеңесінің төрағасы болып саналатын Ким Forbes нұсқасы бойынша 2024 жылғы Қазақстандағы ең бай бизнесмен атанды.
«Alatau City Bank-ті сатып алу — мен үшін аса маңызды оқиға. Бұл банктің негізінде Қазақстан нарығы үшін мүлдем жаңа қаржы институтын құруды жоспарлап отырмын. Соңғы екі жылда атқарылған үздіксіз еңбегі үшін банктің менеджментіне алғысымды білдіремін,» - деді Ким өз мәлімдемесінде.
Маусым айының басында Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Kaspi.kz финтех-холдингінің тең иесі Вячеслав Кимге First Heartland Jusan Bank (бренді — Jusan Bank) акцияларының 97,5 пайызын сатып алуға рұқсат берген болатын.
Бүгінде бұл банк Қазақстандағы жетекші екінші деңгейлі банктердің бірі саналады. Актив көлемі бойынша елдегі алдыңғы алты банктің қатарына кірсе, меншікті капитал көлемі жағынан үшінші орынды иеленеді.
Айта кетейік, Вячеслав Ким бұл мәміленің Kaspi.kz компаниясына қатысы жоқ екенін атап өткен еді.