Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:40

АҚШ Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерде делдал болудан бас тартты

Тэмми Брюс
Фото: ашық дереккөз

АҚШ енді Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздерде модератор немесе делдал рөлін атқармайтынын мәлімдеді.

Бұл туралы Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Тэмми Брюс хабарлады.

— Бұдан былай келіссөздерге бастамашы болу немесе оны жүргізу — АҚШ-тың міндеті емес. Бұл — ең алдымен Ресей мен Украинаның арасындағы мәселе. Біз қос тараптың өзара тікелей диалог орнатуына жағдай жасаймыз, бірақ модератор рөлін өзімізге алмаймыз», - деді Брюс.

Оның айтуынша, Вашингтон бұрынғыдай Украинаға қолдау көрсету саясатын жалғастырады, бірақ бейбіт процеске жетекшілік етуге ниетті емес.

Сарапшылар бұл мәлімдемені АҚШ-тың сыртқы саясатындағы жаңа кезеңнің белгісі ретінде бағалап отыр. Бір жағынан, бұл қадам — қақтығысты шешу жауапкершілігін тікелей соғысушы тараптарға жүктеу әрекеті. Екінші жағынан, Вашингтонның бейбіт келіссөздерден шеттетілуі дипломатиялық ықпалдың әлсіреуін көрсетуі мүмкін.

Бейбітшілікке жол ашыла ма?

Кейбір халықаралық сарапшылар АҚШ-тың делдалдықтан бас тартуы басқа елдердің, әсіресе Қытай немесе Түркияның, бейбіт процеске белсене араласуына мүмкіндік тудыруы мүмкін дейді. Сонымен қатар бұл қадам Ресей мен Украина арасындағы тікелей келіссөздерге жол ашуы ықтимал.

Тегтер: