Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 17:12

Нетаньяху Ливандағы бітімге қатысты ұстанымын жұмсартты

у
Фото: aa.com.tr

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ пен Францияның Ливанда уақытша атысты тоқтату туралы бастамасына қарсы көзқарасын жұмсартты. Бұл туралы Anadoly агенттігі мәлімдеді.

Премьер-министр кеңсесінің мәлімдемесіне сәйкес, ол 21 күндік бітімге келуді көздейтін ұсыныстың «мақсаттарымен бөліседі». Үкімет басшысының кеңсесі израильдік тараптың келіссөздерді жалғастыруға дайын екенін хабарлады.

Беньямин Нетаньяху БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясында сөз сөйлеу үшін Нью-Йоркке келді.

Бұған дейін Нетаньяхудың баспасөз қызметі премьер-министр АҚШ пен Францияның Ливандағы уақытша атысты тоқтату туралы үндеуіне «тіпті жауап бермегенін» хабарлады.