Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:06, 26 Желтоқсан 2023

Ғылымдағы басты жаңалық – селен металын алудың жаңа әдісі

Селен
Фото: из открытых источников

Ғылымдағы басты жаңалық – селен металын алудың жаңа әдісі

Осы жылы үлкен бір ғылыми жаңалық болды десек, ол – Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ғалымдары ойлап тапқан селен металын алудың жаңа әдісі.

Биыл Kazakhmys Progress компаниясы біздіңғалымдар жасаған жаңа технологиямен селен металының өндірісіне кірісіп кетті. Бұл Қазақстан ғылымындағы жаңа тарихи бастама деуге толық негіз бар. Себебі отандық ғалымдардың ғылыми жұмысы мен ізденістері өндіріске араласып жатыр. Сондықтан да бұл жаңалық еліміздегі инновациялық өндіріс тарихының бастамасы болып саналады. Жаңа технология бойынша 80 пайыздық лас селеннен арнайы вакуумдық пешарқылы селенді ғана ұшырып алып, оны конвенцирлеп, 99,5 пайызға дейін көтереді. Сөйтіп селен алынады. Ал қалған металдар – алтыны бар, күмісі бар, төмен қарай түсіп кетеді. Жоғары сапалы селен алудың жаңа әдісін жасау Қ.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетіметаллургия және байыту институтында жүргізілді. 20 жылдық еңбектің нәтижесі – осы. Жаңа технология бойынша бір кезеңде құрамында 99,5 пайыздан асатын негізгі компоненті бар таза селенді арзан, реагентсіз тәсілмен алуға мүмкіндік береді. Бұл технология басқа елдер сияқты химиялық жолмен емес, таза экологиялық әдіспен жасалады. Температурасы 450 градусты құрайтын вакуумдық пешіміз іштегі ауаны сыртқа, сырттағы шаң-тозаңды ішке кіргізбейді. Ал арнайы сүзгілер мыстың құрамындағы селеннен басқа артық металдарды ұстап қалады. Тың технологияның сыры осында.

Балқыған мыс қалдықтарынан тазалығы жағынан жоғары деңгейдегі селен алудың жаңа жолы бағаға да әсер етпей қоймайды. Жаңа технологияның арқасында сыртқа сатылатын металлургиялық өнімнің бағасы 15 есеге дейін өседі. Алда қайта өңделген шикізатты алудың жылдық көлемі – 75 тонна шикі селен болады деп жоспарланған. Бұл металл әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие әрі сирек кездеседі. Ол электроника, күн батареялары, медицина, шыны жасау және басқа маңызды салаларда қолданылады. Демек, сұраныс бар.

Мамандардың айтуынша, жаңадан ашылған цех 100 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Міне, өндіріс қажет ететін ғылыми зерттеулердің арқасында осындай да жолдар ашуға болады. Алдағы уақытта жылына мұндай ғылыми жаңалықтардың бірнешеуін естиміз деп үміттенеміз. Өйткені соңғы жылдары ғылымғакөптеп көңіл бөлініп жатыр. Әрі нарықтық заманға бейімделіп, әлеуметтік-тұрмыстық сұраныстарды өтеуге талпыныс та жақсы. Біраздан бері ғылымға көптеп қаржы тартылуда, кадр мәселесі де жолға қойылып отыр. Сондықтан ғылыми жаңалықтар мен серпіліс қарқын алады деп сенеміз.

Тегтер: