Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:00

«Біз барлық сценарийге, Әли Хаменеи шәһид болған жағдайға да дайындалдық» — Мохаммед Багер

Бабыр
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Иран парламентінің спикері Мохаммад Багер Галибаф мәлімдеді.

«Имам Әли Хаменеи шәһид болған жағдайдың өзіне арнайы жоспарлар әзірленген. Көшбасшылар кеңесі құрылғаннан кейін билік халық пен ресми тұлғалар арасында одан әрі нығаятынын көресіздер. Лас қылмыскерге және оның барлық агенттеріне айтарым: сендер біздің қызыл сызығымыздан өттіңдер, енді бұл үшін жауап бересіңдер», - деді ол.

Ал қазір АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның «тарихындағы ең қуатты шабуылды» бастау ниетіне қатысты мәлімдеме жасады.

«Иран бүгін бұрын-соңды болмағандай қатты соққы жасайтынын мәлімдеді. Олар бұлай жасамағаны дұрыс. Егер олар соққы жасаса, біз ешкім бұрын көрмеген күшпен жауап қайтарамыз! Бұл мәселеге назар аударғандарыңыз үшін рақмет», - деді Трамп.