1 038 адамнан коронавирус анықталды, 520 науқастың жағдайы ауыр
Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 038 жағдай тіркелді, — деп хабарлайды «Жас Алаш» COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 957 537-ге жетті. Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында — 112,
- Алматы қаласында — 143,
- Шымкент қаласында – 4,
- Ақмола облысында – 79,
- Ақтөбе облысында — 15,
- Алматы облысында — 52,
- Атырау облысында — 16,
- Шығыс Қазақстан облысында — 55,
- Жамбыл облысында — 9,
- Батыс Қазақстан облысында -17,
- Қарағанды облысында — 112,
- Қостанай облысында — 113,
- Қызылорда облысында — 18,
- Маңғыстау облысында — 13,
- Павлодар облысында — 125,
- Солтүстік Қазақстан облысында — 141,
- Түркістан облысында — 14.
Қазақстанда 1 271 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
- Нұр-Сұлтан қаласында — 104,
- Алматы қаласында — 75,
- Шымкент қаласында — 20,
- Ақмола облысында — 120,
- Ақтөбе облысында — 0,
- Алматы облысында — 201,
- Атырау облысында — 51,
- Шығыс Қазақстан облысында — 268,
- Жамбыл облысында – 10,
- Батыс Қазақстан облысында — 8,
- Қарағанды облысында — 132,
- Қостанай облысында — 6,
- Қызылорда облысында — 24,
- Маңғыстау облысында — 0,
- Павлодар облысында — 77,
- Түркістан облысында — 23.
Елімізде барлығы 915 369 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты. Сондай-ақ, 2021 жылғы 15 қарашада Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 8 539 432 адам, 2-компонентін 7 817 732 адам салдырды.
Сондай-ақ, Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 19 адам қайтыс болды.
15 қарашадағы мәлімет бойынша, 34 675 адам коронавирус инфекциясынан (-29 734+ және 4 941 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 6 925 пациент стационарда, 27 750 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:• 520 адамның жағдайы ауыр,• 120 пациенттің жағдайы өте ауыр,• 104 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.