1 доллар 445 теңгеден сатыла бастады

16.03.2020, 14:38

73

Бүгін, 16 наурызда Қазақстанның кейбір ақша айырбастау орындарында 1 доллар 440 теңгеден сатыла бастады. Kurs.kz сайтындағы ақпараттарға қарағанда, валюта айырбастау орындарының кейбірі доллар сатып алғанымен, сатуды тоқтатқаны байқалған.

Теңге 16 наурызда Қазақстан Ұлттық банкінің "ішкі нарықты жаңа макроэкономикалық жағдайларға бейімдеу туралы" ресми мәлімдеме жасаған.

Ұлттық банк таратқан мәлімдемеде "қазіргі жағдайды ескере отырып, бүгіннен бастап Ұлттық банк еркін бағам белгілеу және инфляциялық таргеттеу саясатына сәйкес тепе-тең бағамның қалыптасуына ықпал етуге ниеттеніп отыр" деп жазылған.

Tengenomika телеграм-арнасының авторы, экономист Олжас Төлеуовтің жазуынша, бұл – Ұлттық банк бұдан былай қаржы нарығына араласуды доғарып, белгілі бір шамада теңгенің құнсыздануына кедергі жасаудан бас тартты деген сөз. «Орталық банк теңгенің шынайы курсын нарықтың өзіне анықтауға мүмкіндік беріп жатыр» деп жазады экономист.

AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51