Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:59, 31 Қазан 2019

1 миллиард доллар кезекті рет ойын-сауыққа кетпек

Елордада құны 1миллиард долларды құрайтын көпсалалы туристік  аймақ салынбақ.

Нұр-Сұлтанқаласының әкімі Алтай КӨЛГІНОВ «Ellington Propertios Developmet LLC»компаниясының директоры Джозеф ТОМАСПЕН аталмыш құрылыс жобасына байланыстыкеліссөздер жүргізді.

Келіссөздер «Астана» халықаралық қаржы орталығында өтті.

Жоспар бойынша,туристік аймақта жылдың кез келген мерзімінде жұмыс істейтін ойын-сауықорталықтары болады. Жобаның жалпы құны 1 миллиард долларды құрайды.

Билік жыл басынанбері ел бойынша әлеуметтік мәселелерге байланысты өтіп жатқан наразылықакцияларына қарамастан, осы сияқты жобаларды жүзеге асыруын жалғастыруда.Мысалы, дәл осы Нұр-Сұлтан қаласындағы даулы ЛРТ құны 1,2 миллиард долларболған. Қазіргі уақытта оның құрылысы тоқтап тұр.

Фото: liter.kz

Тегтер: