Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:51

10 ай ем қабылдаған Сара Назарбаева ауруханадан шығарылды

Сара Назарбаева
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Республикасының экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаева қаңтар айында Алматыдағы Президент іс басқармасы жанындағы Ұлттық госпиталдан, яғни халық арасында «Совминка» деп аталатын медициналық орталықтан шығарылды.

Бұл ақпаратты Informburo редакциясы таратты.

«Науқас госпитальда ем қабылдап, қаңтар айында амбулаториялық емге шығарылды. Денсаулық жағдайы, диагнозы, емдеу әдістері мен нәтижелері туралы өзге ақпарат Қазақстанның «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 273-бабына сәйкес дәрігерлік құпияға жатады және жариялауға жатпайды», – делінген ресми жауапта.



Еске салайық, экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Укібайдың хабарлауынша, Сара Назарбаева 2025 жылдың сәуір айында «Совминкаға» жатқызылған болатын.