100 млн еуро – екі зауыт
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Польшаның Даму және технологиялар бірінші вице-министрі Гжегож Пеховяктың төрағалығымен Варшава қаласында 2023 жылғы 15-16 маусым күндері аралығында Қазақстан-Польша экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысы өтті.
Үкіметаралық комиссияның жұмысына қос тараптың салалық министрліктері мен құзырлы органдарының өкілдері қатысты. Күн тәртібінде екіжақты сауданы ұлғайту, бірлескен инвестициялық жобалар, нақты айтсақ, шағын және орта бизнесті дамыту, көлік және логистика саласы, агроөнеркәсіптік кешендер, азық-түлік, құрылыс, машина жасау, фармацевтика, қаржы, білім беру және туризм саласы бойынша жобаларды іске асыру жайы қамтылды.
Қазақстан мен Польша арасындағы екіжақты тауар айналымының артуын жоғары бағалады. Нақты цифрмен айтсақ, 2022 жылы 1,4 млрд АҚШ долларын құрады. 2023 жылдың алғашқы 4 айында оның көлемі 430 млн АҚШ долларынан асып жығылды.
Р. Василенко өз сөзінде: «2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға барлық шетелдік әріптестерден тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы 28 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл соңғы 10 жылдағы үлкен үздік көрсеткіш. Бұл ретте Польшадан 2022 жылы 75 млн АҚШ доллары, ал 2005 жылдан бері 350 млн АҚШ доллары біздің елге тартылған. Қазақстанда поляк елінің қатысуымен 100-ден астам компания жұмыс істейді, олар «Polpharma», «Selena» атты компаниялар бар» деп атап айтты.
Осы отырыстың қарсаңында Варшавада екі елдің іскер топтарының 250-ден астам өкілдерінің қатысуымен «Польша-Қазақстан» бизнес-форумы өтті. Форум барысында еліміздің инвестициялық әлеуеті таныстырылды. Бірқатар сала бойынша өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды, оның ішінде ауыл шаруашылығы, көлік, логистика, химия өнеркәсібі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, цифрландыру сияқты маңызды мәселелер айтылды.
Бизнес-форумның аясында екі елдің коммерциялық субъектілері арасында бірқатар келісімдерге қол жетті. Сондай-ақ «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен Польшаның «SENEKA POLAND» компаниясы арасындағы Қазақстанда балық азығын өндіретін екі зауыт салу туралы меморандумға қол қойылды. Жобаның жалпы құны 100 млн еуроны құрайды.
Сапарда Сыртқы істер министрі орынбасарының Польша елінің президенті жанындағы халықаралық саясат бюросының басшысы Марчин Пшидачпен және Польша сыртқы істер вице-министрі Павел Яблонскиймен екіжақты кездесулері өтті. Келіссөздердің нәтижесі саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы одан әрі тәжірибелік өзара іс-қимыл туралы келісімдерге келісім жасасты.
Польша елінің көшбасшы аналитикалық топтары өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде Р.Василенко жақында өткен Астана халықаралық форумының қорытындыларын және Қазақстанның ұстанған көпвекторлы сыртқы саясатын іске асырудың негізгі бағыттарын, Варшавадағы іс-шарада екі елдің ғылыми-зерттеу институттары жұмысы бойынша ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге ниетті екенін білдірді.