12:00, 17 Маусым 2020
Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр
Нұр-Сұлтанда 20-дан аса вирусолог коронавирусжұқтырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысыСәуле Қисықова мәлімдеді.
«Зертханадажұмыс істейтін 20-дан аса вирусолог коронавирус жұқтырған. Олар күні-түнітәулік бойы жұмыс істейді. Олар да адам, робот емес», — деді Қисықова.
Сондай-ақ, басқарма басшысы елордада коронавирусты анықтауғаарналған тест пен жасанды тыныс алдыру аппараттарын сатып алу бойынша жұмыстаржүргізіліп жатқанын айтты.