COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр
Алматы қалалық әкімдігі қаладағыкоронавируспен ауыратын науқастардың жағдайы туралы хабарлады.
Әкімдік баспасөзқызметінің мәлімдеуінше, бүгінгікүні 14 пациенттің денсаулық жағдайы өте ауыр, 131 науқастың жағдайы тұрақты ауыр, ал 937 пациенттің орташа ауырлығы бар.
«Қалада штаттықрежимде көпсалалы ауруханалар жұмыс істейді, олар тәулік бойы пациенттердіқабылдап жатыр»,-дейді Алматыәкімдігінің баспасөз қызметі.
Айта кету керек, елімізде өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 5 науқас және бүгін бір адамның қайтыс болғаны анықталды.
Атап айтқанда, өткен тәулікте КВИ-ден көз жұмғандар мына өңірлерде тіркелді:
Нұр-Сұлтанда — 1956, 1966 және 1942 жылғы ер адамдар.
Ақмола облысында 1955 жылғы әйел.
Алматыда 1960 жылғы ер адам.
Сондай-ақ бүгін Атырауда 81 жастағы зейнеткер коронавирустан қайтыс болғаны жария етілді.
Қазақстанда коронавирустан жалпы саны 120 кісі өлімі тіркелді.