Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:50, 28 Маусым 2020

ДДҰ коронавирус пандемиясының екінші толқыны қауіпті болатынын ескертті

 

1.      Егер дүниежүзіндекоронавирус пандемиясының екінші толқыны болса, миллиондаған адам қайтыс болуымүмкін.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бас директорыныңстратегиялық мәселелер жөніндегі көмекшісі Раньери Герра мәлімдеді, — депхабарлайды CNN.

Дәрігер қазіргіпандемияны ХХ ғасырдың басында «испан тұмауымен» салыстырып,коронавирустың жаһандық ауқымда тарауы «ДДҰ-да болжағандай өршіп кележатқанын» атап өтті.

«Испантұмауымен» салыстырғанда COVID-19 екеуі бірдей болып тұр. Жазда ол сәлазайды да қыркүйек, қазанда өрши бастады. Нәтижесінде екінші толқын кезінде 50миллион адам қайтыс болған. Пандемия біз болжағандай болып жатыр", — дейдідәрігер. 

ДДҰ өкілікоронавирустың таралуына байланысты Еуропада және әлемнің басқа да өңірлеріндекарантиндік шаралардың әлсіреуі аясында мәлімдеме жасаған.

Euronews хабарлауынша,ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросының мамандары Еуропада шектеу шараларын жойғаннанкейін коронавирустың белсенді таралуына алаңдаушылық білдірген. Сарапшылардыңайтуынша, егер шұғыл шаралар қолданылмаса, Еуропа елдерінің денсаулық сақтаужүйесі қайтадан коллапс болуы мүмкін.

Соңғы аптада ДДҰЕуропалық өңірлік бюросына кіретін елдерде 130 мыңнан аса жаңа  жағдайіркелген.

«30 елдесоңғы екі апта ішінде аурудың жаңа жағдайларының өсуі байқалады. Осы елдердің11-інде инфекцияның берілу жылдамдығының артуы айтарлықтай қарқынға алып келді — егер шара қолданылмаса Еуропаның Денсаулық сақтау жүйесінде қайтадан коллапсболады», — деп мәлімдеді бюро директоры Ханс Клюге.

Тегтер: