«Сабыр түбі – сары алтын»

Республикалық «Жас Алаш» газетінің 26 мамырдағы нөміріндеЖамбыл облысының бұрынғы әкімі Асқар Мырзахметовтің аймақты басқару тәсілі тілгетиек етілген «Мырзахметовтің ауыр мұрасы» атты мақала жарық көрді.
Бұлмақаламен көзіқарақты, көңілі ояу оқырмандар танысып үлгерді деп ойлаймын. Мақалаавторын кінәлаудан аулақпын. Осыған орай, өз пікірімді білдіруді жөн көрдім.
Жалпы, Жамбыл облысын екі жыл басқарған АсқарИсабекұлы облысымыздың 80 жылдығын мерейлі мереке ретінде жоғары деңгейде атапөткенінен бастайын. Мереке қарсаңында Тараз қаласы тотыдай таранып,қызғалдақтай құлпыра түсті. Облыс орталығындағы «Жеңіс» саябағы жаңаша күйгееніп, адам танымастай өзгерді дер едім. Көк базар маңы тарихымыз туралытереңнен сыр шертетін ашық аспан астындағы музейдей болып, ұлттыққұндылықтарымызды көпшілікке кеңінен жайып салды. «Тектұрмас» кешені де қалатұрғындары мен қонақтарының танымдық орталығына айналды. Айта берсек, мұндайигі шаралар аудан орталықтары мен ірі ауылдарда да жалғасын тапты. Ең бастысы,ауыл тұрғындарының әл-ауқаты мен тұрмыс жағдайын жақсартуға мемлекет тарапынанмиллиардтаған қаржы бөлінуіне ықпал етті. Бұл ретте өңіріміздіңөсіп-өркендеуіне, экономикасының күрт дамуына Асқар Мырзахметовтің еңбегі сіңдідеп айтуға әбден болады.
Жалпы, «Жас Алашта» қазіргі әкім БердібекСапарбаевтың сырттан тартқан кадрлары жөнінде де жазылуда. Бұл облыс басшысынақұлаққағыс ретінде айтылған деп ойлаймын. Әйтпесе әңгіме отырған былғарыорындығында емес, былғарыдан тігілетін етікте екені бесенеден белгілі емес пе?!
Көпшілікке аян, өткен наурыз айындағыҚордай қақтығысынан кейін жергілікті жұрттың тыныс-тіршілігін тереңірек біліп,дау-дамайдың қандай себептен шыққанын анықтау мақсатында мемлекеттіккомиссияның төрағасы болып, Жамбыл облысына арнайы іссапармен келген БердібекМәшбекұлы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Әулиеатаға әкім болыптағайындалды. Осы орайда, бұған дейін төрт облысты, министрлікті басқарып,премьер-министрдің орынбасарлығына дейін көтерілген айтулы азаматтың аймаққабасшы болғанына қуанғандардың қарасы көп болды.
Жергілікті жұртшылық жаңа әкімнен жаңа талаппен жаңа талғам күтеді. Осы мақсатта аймақ басшысы өткен үш айда облысқа 304миллиард теңге көлемінде инвестиция тартқанынан хабардар болып, Бекеңніңбастаған ісіне «Бәрекелді!» деп отырмыз. Бұл айтуға ғана жеңіл нәрсе. Қандайшаруаны қолға алсақ та, қаржыға келіп тіреледі емес пе? Осының нәтижесінде Әулиеатадағыәр салада ілгерілеушілік болатыны анық. Тағы бір айта кетерлігі, Меркі қантзауытына шикізат өткізген облысымыздың шаруа қожалықтарының тиісті қаражаттарынтөлеп беруге ықпал еткенін көзіміз көрді.
Атам қазақ «Төртеу түгел болса төбедегікеледі, алтау ала болса ауыздағы кетеді» демей ме? Әр нәрсеге сабырмен қарасақ,ұпайымыз түгел, ұтарымыз көп болары белгілі. Ел басқарудың жауапкершілік жүгіауыр екенін ескеріп, сабырды жанымызға серік етейік дегім келеді. Өйткені«Сабыр түбі – сары алтын» деген бар.
Ахметжан ҚОСАҚОВ,
ардагер журналист,
ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Төлеби ауылы
Жамбыл облысы