«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)
Жамбыл облысы Жуалы аудандық ауруханасына қарасты емхананыңрентген-лаборант маманы Фарида Жанбатырова коронавирус кеселімен күрестегі еңбектеріүшін үкімет есебімен белгіленген үстеме ақының белгілі бір бөлігін басшылықтарап қайтарып беруін талап етіп жатқанын айтып,президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына видеоүндеужолдады.
Фарида Қанатбекқызыныңайтуынша, ол 1995-ші жылдан бастап аталған емханада жұмыс істейді. Өңірде төтеншежағдай енгізілген сәуір айынан бастап Жуалы ауданына қарасты 1-ші блок-постта таңғысағат 07:30-дан кешкі 17:30 аралығында жұмыс атқарып келген. Алдыңғы шептегі адалеңбегі үшін сәуір айында айлығына қосымша 160 мың теңге түсіпті. Алайда, емханабасшылары аталған соманың 39 мың теңгесін жинап беруді талап етіпті. Оныңсебебін сұрағанда «жоғары жақтан келген тапсырма солай» деп қысқа қайырған.
Содан амал жоқблок-постта болған мамандардың барлығы дерлік бала-шағасының аузынан жырып, 39мың теңгеден жинап беруге мәжбүр болған. «Ақшаны өз қолыммен кассир Эльмирағабердім» деген Фарида Жанбатырова келесі мамыр айында бас дәрігердің орынбасары АбзалБайтөреев блок-постта қызмет еткен қол астындағы дәрігерлерді жеке-жеке шақырып,осы айлыққа түсетін 200 мың теңге көлеміндегі үстеме ақыдан 150 мың теңгеденжинап беруді талап етті дейді. Бұл жолы бұға беруден бас тартқан Фарида Қанатбекқызын26 маусым күні блок-посттағы қызметінен алып тастаған. Осыған байланысты ол әлеуметтікжелі арқылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан араша сұрап, тексеру тобынжіберуді өтініп видео үндеу жолдауды жөн деп тауыпты.
Өз кезегінде Жамбылоблыстық денсаулық сақтау басқармасы әлеуметтік желідегі парақшасында:«Жанбатырова Фарида рентген-лобарант Жуалы ауданына қарасты 1-блок постта нақтыжұмыс атқарған 16 сағатына айлығына тиісті 19540 теңге үстемақы тағайындалған,ал мамыр айында аурухананың тәуліктік фильтр бөлімшесінде нақты 144 сағат атқарғанжұмысы үшін 200 000 тенге үстеме ақы алған. Арызында айтатындай, басшылардың ақшажинау фактісі жақын күнде тексеріліп, анықталатын болады. Қорытындысытексеруден соң беріледі»,- деп қысқа-нұсқа жазба қалдырған.
Жалпы Жуалыдағы бұлжағдай Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловқа«жығылған үстіне жұдырық» болуда. Олай дейтініміз – карантин енді басталып жатқансәтте шыққан Меркі аудандық ауруханадағы шуды шенділер бас дәрігердің міндетінатқарушы және орынбасары мен бас есепшіні қызметінен босатып жатып, әрең басқанболатын. Күні кеше Сарысу ауданынан келген азамат әйеліне дәрігерлер дұрысдиагноз қоймауының салдарынан кеселі қауіп тудырып отырғанын, әйеліне дәрігерлердіңдұрыс қарамай жатқанын айтып, денсаулық сақтау басқармасының алдында өзін-өзі өртемекшіболған еді. «Қырсық бір айналдырса, шыр айналдырады» демекші, енді міне,Жуалыдағы мына жағдай...
Біз бұған дейін жазғанмақаламызда: «Жалпы, жамбылдық көзі ашық азаматтар Марат Жұманқұлов жайында «жақсыадам, бірақ білікті, мықты ұйымдастырушы емес» деген пікірде. Бізде оныңденсаулық сақтау басқармасына қарасты шалғайдағы аурухана-емханадағы жағдайларды,дәрігерлерге қатысты кейбір шиеленісті мәселелерді жасырып-бүркемелеп келген,не өзі шешпей жүрген жайттардан хабардармыз.
Осы орайда айта өтерлігі,Денсаулық сақтау министрлігі, Жамбыл облысының әкімдігі және «Нұр Отанның»Жамбыл облыстық филиалы Жұманқұловқа «әй» дей алмай отырғанының басқа дасебептері бар сияқты. Олай дейтініміз –Жұманқұловтың тамыр-танысы, «бекзаттары-жекжаттары»,жалпақ тілмен айтқанда байланысы тереңде екенімен байланыстыратындар көп.
Яғни, бұл шудан Жұманқұловтыңбасын аман алып шығуын – береулер оның Денсаулық сақтау министрі Е.Біртановпенбайланысы тереңде екенімен, соған арқа сүйейтінімен байланыстырса, ендібереулер «екі аяқты да бажа тату» демекші, бажасы Жамбыл облыстық мәслихатыныңхатшысы Б.Қарашолақовтың «қамқорлығы» деп біледі» деп жазған болатынбыз.
Осы орайда, М.Жұманқұловта«алты аласы, бес бересіміз» жоқ екенін айта кеткеніміз жөн болар. Бірақ, оның мықтыұйымдастырушы емес екені бұған дейін де бірнеше мәрте дәлелденгендей.
Күні кешеЕ.Біртанов өз еркімен қызметінен кеткені белгілі. Ендігі кезекте М.Жұманқұловтыңбар сенері бажасы болып тұр.
Нұрболат ӘЛДИБЕК,
Жамбыл облысы