Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:48, 04 Шілде 2020

43 жастағы әкім орынбасары қайтыс болды: өлім себебі COVID-19 болуы мүмкін

Қостанай облысы Жангелді ауданы әкімініңорынбасары Бақытжан Төрбаев қайтыс болды.

Өлім себебі коронавирус инфекциясыболуы мүмкін, — деп хабарлайды Saqshy Qostanai.

Коронавирустанөлім жағдайын арнайы құрылған комиссия зерттеп жатыр. Ол медициналық құжаттардыегжей-тегжейлі зерттейді және өлімнің себебін анықтайды. Қосымша ақпараткомиссия жұмысы аяқталғаннан кейін жарияланады.

БақытжанТөрбаев Жанкелді ауданы әкімінің орынбасары қызметін 2017 жылдың маусымынанбері атқарып келген. Жасы — 43-те. 

3шілдедегі жағдай бойынша, Қостанай облысында 993 адам коронавирус жұқтырған,оның 309-і аурудан жазылса, үш науқас қайтыс болған. 

Тегтер: