Заңсыз тасымалданған Азитромицин тәркіленді
Алматы облысында жалпы сомасы 7 миллион теңгеболатын «Азитромицин» тәркіленді.
Алматы облысында жалпы сомасы 7 миллион теңге болатындәрі тасып келе жатқан автокөлік ұсталды, — деп хабарлайды Қаржымониторингі комитеті.
2020 жылдың 6 шілдесінде Алматы — Бішкек трассасында Экономикалық тергеудепартаментінің қызметкерлері дәрі-дәрмектерді рұқсат құжаттары мен лицензиясыззаңсыз сатқан тұлғаларды ұстады.
Тінту барысында 10 қорап (әр қорапта 242 данадан) жалпы соммасы 7 миллионтеңге болатын «Азитромицин» препараты анықталған. Аталған дерекбойынша ҚР Қылмыстық кодексі 214-бабы бойынша тергеу басталды.
Сондай-ақ 5-6 шілде аралығында дәрі-дәрмектітасымалдауға байланысты 18 заң бұзушылық (Нұр-Сұлтан, Шымкент, Маңғыстауоблысы, БҚО, Алматы, Атырау облыстарында, ШҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар,Түркістан облыстарында) анықталған. Одан бөлек, жалпы сомасы 727 миллион теңгеболатын 182 мың қорап дәрі тәркіленген.