Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:48, 08 Шілде 2020

Коронавирус ауа арқылы тарауы мүмкін - ДДҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустыңауадағы аэрозольдік бөлшектер арқылы таралуы мүмкін екенін айтты, бірақ оны әліде зерттеу қажет, — деп хабарлайды Reuters.

ДДҰ-да ұйымға COVID-19 тарату жолдары туралы өз деректерін қайта қарауғашақырған 200-ден астам ғалымдардың өтінішіне жауап берді.

«Біз COVID-19 тарау тәсілдерінің бірі ретінде ауадағы аэрозоль арқылытарау мүмкіндігі туралы айтып отырмыз», — деді брифингте коронавируспандемиясы бойынша ДДҰ техникалық жетекшісі Мария Ван Керхов.

Бұған дейін ұйым вирус коронавирус жұқтырған адам түшкіргенде не жөтелгендеаузынан және мұрнынан бөлінетін тамшылар арқылы тарайтынын айтқан. 

ДДҰ инфекциялардың алдын алу жөніндегі техникалық басшысы БенедеттаАллегренци коронавирустың әуе арқылы берілгені туралы деректердің пайдаболғанын айтты, бірақ соңғы шешімді шығару әлі ерте.

"Қоғамдық орындарда — әсіресе өте ерекшежағдайларда, адам толы, жабық, нашар желдетілетін жерлерде ауа арқылы берумүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен, дәлелдерді жинау және түсіндіруқажет және біз мұны жалғастырамыз", — деді ол.

Тегтер: