Алтын тұғырлы, аңыз адам

Әр дәуірдің баға жетпес бір қасіретіболады. Ал, біз көріп, есітіп-білген ХХ ғасырдың тарихи қасіреттері жетерлік.
Ең алдымен, аттан түспеген Қазақтың атын тартып алды. Желмен жарысып,еркіндікті аңсап өскен халықтың рухын осылайшасындыруға тырысты. Бар малынан айырып, қолдан жасалған ашаршылыққа итеріпсалды. Көп кешікпей, қылышын сүйреткен 37-нің нәубеті келді. Бас көтергеназаматтар атылды, сөйлегеннің тілі «кесіліп», ит жеккенге айдалып жүре берді.Ал, одан соң сұмдықтың көкесі —Ұлы Отан соғысына ұласты. Осыншама қасіретайналдырған саусақпен санарлық жылдың ішінде болды. «Жығылғанға —жұдырық!»дейгендей, сол ауыртпашылықтар із-түзсіз кеткен жоқ, жүректерде сызат қалдырды.Тағдырларды тәлкекке салды, шаңырақ ойылып, ортасына түсті. Бала жетім, әйелжесір атанды… Маңдайыңнан сыйпар әкең, бауырына басар анаң болмаса, бұданасқан қатыгездік жоқ шығар! Бұл тағдырды «қаныңды ішкен» дұшпаныңа датілемессің. Осы бір азаптың қайнаған қазанына әрбір Қазақ баласы түсіп шықты. Олардыңарасынан ең мықтылары, жүректерінде жалыны, бойларында намысы барлар ғанаөмірге жолдама алды. Мойынға ілінген осыншама қасіретті, сұрапыл нәубетті жеңіпшығу оңайға түспеді. Қиыншылықты барболмысымен сезінген бала Әуезханның жүрегінде сақталып, ақтаңдақтарға ұласты.Менің көкемнің: «Жетім көрсең жебей жүр» деген өмірлік ұстанымы осылайшақалыптаса берді. Әділдік әліппесі барлық ғұмырына жарық жұлдыз —Темірқазықтайжол сілтеп тұруы да сондықтан еді...
Бұл ұстаным атақты теміржолшы Әуезхан Салықбаевтыңөмірлік қағидасы еді…
Тар жол, тайғақ кешу кезеңінде өмірмектебінен сүрінбей өткендердің бірі, бірегейі де біз әңгімелегі отырған абзалазамат, абыз ақсақал, өмірі аңыз адам —Әуезхан Салықбаев болатын.
Оның балалық шағын жетімдік деген қатыгезтағдыр ұрлап кетті. Ес білгелі шойын жолды жағалай, түтіні будақтағанпаровозбен жарыса жүгірумен жүрді. Ұшы-қиырсыз вагондарды санап, өмір әліппесінүйренді. Маңдайынан сипаған ағалардың ақыл-кеңесін, нақыл сөзін тыңдап, жаттапөсті. Міне, менің Әуезхан көкем, қатал да әділетсіз өмір мектебінен осылайшаөте берді. Алға, азаматтық тұғырға жақындай түсті. Шыдады, шыңдалды. Көрген,есітіп білген, ұлағатты қағидаларды жүрегінде сақтады. Күнге қарап, бой түзеген күнбағыстай бойынтік, ойын сергек ұстады. Ертерек ер жетуді армандаумен жүрді. Оның ауылбалалары сияқты ойнауына, шаршап-шалдығуына шамасы да, уақыты да жетпеді. Өмірерте есейтті. Жылы қабақ танытқан жандарды жақын тұтты, туыс санады.
«Бала жеті жасқа дейін жерден таяқ жейді»дейді халық даналығы. Әуезхан көкем өмір есігін ашқалы көз ілеспейтінжылдамдықпен ауыр тағдырдың бел ортасында жүрді. Есінде қалғаны, әкесі Салықбайбалалары-балапандарын жетектей-сүйрелей, үш жасар Әуезханын арқалай қырға дашығады, ойға да түседі. Бар арманы жанұясын сұм ажал —ашаршылықтан аман алыпқалу еді. Алыста болса, тамақ іздей жүріп, сонау Батыстағы Ақтөбеден бір-ақшықпасы бар ма? Ол жерден де пана таппады. Қайда барса да сеңше соғысқан,ренішін арқалаған, панасыз халық еді. Енді балық аулап, күн кешпек болып, Әмудария өзенімен жоғары өрлейді. Жат ел—Ауғанстан шекарасына дейін жетеді. Бірақ анасы Ділдәқыздың болашақ өмірлерініңқиыншылыққа толы болатынын жүрегі сезіп, отағасына басу айтады. Сабырлыққашақырып, Өзбекстанның Қауас деген елді мекеніне аялдауға көндіреді. Бұл жердеде жағдай мәз емес-ті. Қазақтар қоныстанған аядай ғана ауылда бас сауғалап,өлместің күнін кешеді. Жат мекеннің адамдары да мейрімсіз, табиғаты да қатал, өңменнен өтер суық желіне шыдау оңайемес еді. Қыста қар көшкіні мазалайтын, ала көктемде тас болып қатып қалғантас-мұзды ерітіп жіберетін құдіретті желден бәрі сескенетін. Оған қоса, балаларарасында тараған жұқпалы ауру зәрелерін ұшыра бастады. Қорықты. 1933 жылыәупіріммен елге, ата қоныс Арысқа жетті. Көп ұзамай ардақты әке Салықбай қайтысболады. Төрт жасар Әуезханның есінде ақжарқын әке бейнесі сақталып қалмады. Есжинап үлгермеген бала ғой. Тек, әке жауырынының ыстық лебін, аласұра соққанжүрек дүрсілін күні кешеге дейін сезінумен жүрді. Абзал жанның жерленгензиратына келіп, құран бағыштаса да, қай төмпешіктің астында жерленгенін есінетүсіре алмағаны кешірімді еді.
Әуезхан көкемнің өмір жолын зерделейтүссем, арпалыспен өткен тағдыр тауқыметі ойыма орала берді. Таусылмай-аққойған 1939 жылы, он бір жасында анасы Ділдәкыздан айырылып, өксігін баса алмайжылағаны есінде. Қайран ана, енді араға екі-үш жыл салып, ұлы Тәужаннан, қанмайданға аттанған Әужанынан, артынша келіні Бибіханнан айырылатынын білген де,сезген де жоқ. Ана сүт кенжесі —Әуезханының жападан жалғыз, жетім қалатынынанбейхабар еді...
Менің Әуезхан көкем сұрапыл соғыстың екіншіжылында шаңырақта жалғыз қалып, «Тас жетім» күнін кеше барды. Арыс маңындағы«Хлопкомдағы»
аядай бір бөлмелі жер тамның есігі тарс жабылып, қара құлып ілінді.
Бала Әуезхан, тағдыр додасында шыңдалғанбозбала Әуезхан дорбасын арқалап, нағашысы Кәрімнің үйіне бет алады. Оныарпалысқа толы жаңа өмір, сонымен қатар белгісіздік күтіп тұрды…
1944 жылдың ми қайнатар ыстығында, бесіншісыныпты бітірген бала оқуын жалғастырудан бас тартып, үлкен өмірге араласуғабел буады. Мектеп берген алақандай қағазды алып, үйреніп қалған темір жолғатартады. Жақсы ағалар кепілдеме беріп, вагон номерін жазатын жұмысшы болыпорналасады. Бір күні… Арыс станциясына «Ташкент темір жолы» бастығының орынбасарыӘзиз Қадыров келеді. Ол кісінің назары зыр жүрген бала-жұмысшыға түседі.Әуезханды шақырып алып, ұшы-қиырсыз бір состав вагондардың номерлерін жазудытапсырады. Елгезек бала он минуттың ішінде тапсырманы бұлжытпай орындайды.Сондағы бастық ағаның риза болғанын айтсаңшы! Бала жұмысшыға көпшіліктіңалдында рахмет айтып, су жаңа теміржолшыформасын сыйлайды. Әуезханның қуанғаны-ай. Тіпті, аспаннан бір жарық жұлдызұшып келіп, қолына қонғандай әсерде еді… Осы қуаныштың иесі ӘуезханСалықбаевтың енді санаулы жылдардан соң, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты,Социалистік Еңбек Ері атанатынын, есімі Қазақстанның Алтын Құрмет Кітабынажазылатынын, ал, 1971 жылы Арыс станциясының, 1979 жылдан Шымкен темір жолыбөлімшесінің бастығы болатынын бір Алладан басқа жан баласы білген жоқ… Бұл—тағдыр! Бұл —жұлдыздар шоғырының Әуезхан Салықбаевтың шаңырағына асыққан сәтіеді!..
Алда арпалысқа толы күндер, ұйқысыз түндеркүтіп тұрды. Өйткені, бұл еліміздің қан жүгірер күре тамыры — «Қазақстан теміржолы». Темірдей тәртіп. Күндіз-түні, жаңбырлы күндерде де, бораны түндерде деағылып жатқан пойыздар легі. Ал, шойын жолдың егесі —теміржолшы көз ілмей,сапта тұрған сақшылар сияқты-тын.
Әуезхан көкені бала кезімнен білетінмін.Әкем Жолдасбек Сүлейменов Мырзашөл өңіріне танымал, екі совхоздың ірге тасынқалаған директоры болды. Әукеңмен ағайындығы да, дос-сырластығы дажарасатын. Сонау жетпісінші жылдардыңбасы. Мен журналистика факультетінің соңғы курс студетімін. Новосибирск-Ташкентпойызымен Өзбекстанның Бостандық аймағына бара жатқанбыз. Бір кезде Арысстанциясына тоқтадық. Вагоннан жүгіріп шығып, станция бастығы Әуезхан көкемді іздеугекірістім. Кеңсесіне кіріп, әңгімелесіп отырып қалдым. Қорқатын не бар, көкемосы станцияның бастығы емес пе? Қазіргі келген пойыздан түскенімді, Ташкентжаққа саяхаттап бара жатқанымды айттым. «О, деді көкем. Мынау сенің келгенпойызың ғой. Жүріп бара жатыр. Жігіттер, тоқтатыңдар!» деді аппаратыныңтүймесін басып.
-Жүгір, кешіге жаздадың. Әкеңе сәлем айт!—деді көкем.
Жүгіріп перронға шықсам, барлығы аңтарылыпмені күтіп тұр. Ұялғаным-ай. Жолсеріктен кешірім сұрап, орныма жайғастым. Ал,Әуезхан көкем Шымкент темір жолы бөлімшесінің бастығы болғанда, менің жұлдызымоңынан туды…
Әукең оңтүстік өңірдің шежіресін зерделеп,жаттап өскен ақсақал еді. Ол кісінің танымайтын адам жоқ десе де болғандай.Көзі тірі энциклопедист. Адамдардыңаты-жөнін, ел арасында кең тараған аңыз әңгімелер, есте сақтар елеулі оқиғалар,бәрін, бәрін рет-ретімен, көркем тілмен жеткізіп отыратын. Әңгіме
айтудан шаршамайтын. Тағы бір жақсы қасиеті, қасындағы адамдарды да әңгімеге жетелеп, реті келгенде мұқият тыңдайда білетін. Ол кісі өмірінің ең соңғы күндеріне дейін Ақмырза әулетінің ақылшыақсақалы, қамқор төрағасы болды. Ұзын-Ата кесенесін қалпына кетіру жолындақажырлы еңбек етті. Бабалар аманатын ардақтап өтті.
Үлкен азаматтың қасында, көзгекөрінер-көрінбес ұлы әйелдің табылатыны қашаннан. Әзезхан көкемнің барлықыстық-суығын, қуаныш-ренішін бірге бөліскен Рәтай қажы анамыз болды. Кемеңгерхалқымыз: «Жақсыны —текті, жаманды —тексіз» деп, әділ бағасын беріп отырғанқашаннан. Рәтай анамыз Қазақтың атақты Мұсабек батырынан тараған. Мұсабек батырҚоқан ханына қарсы шығып, Ташкент бегі Мырзабидің озбырлығына шыдамай, қолжинап, Ордабасы тауының етегінде қалың қол әсерін қырып салады. Оңтүстіккебелгілі Молда Мұса ақын батыр ерлігін былайжырлайды:
Қоңыратта білемісің Мұсабекті,
Солардайболар едің болсаң текті.
Өлтіріп Мырзабидінамыс үшін,
Қоқанныңхандығынан алған кекті…
Әуезхан көкемнің құдай қосқан қосағы, Рәтайанамыздың шежіресі осы Мұсабек-Сапақтан таралады. Батырдың туған ағасы Сапақ еларасында беделді, сөзге шешен, әділдікті қақ жарған би, кейін ел басқарғандатқалық дәрежеге жеткен кісі. Сапақ датқа Рәтай қажы анамыздың бабасы болыпкеледі.
Сапақ датқадан—Мұратбек,
Мұратбектен —Рахымбек.
Рахымбектен —Рәтай.
Орай келгенде айта кетейін, Әукеңнің нағашысы Сырымбет жандар руынан.Сырымбеттен екі ұл —Есіркеп, Мүсіркеп тараған. Есіркеп аузы дуалы әулие,Мүсіркеп батыр болған. Есіркеп әулие Түркістандағы мавзолейде, Қожа Ахметтіңқасына, оң жағына жерленген.
Міне, тектілер ұрпағы қалай жалғасқан. Ал,Әуезхан Салықбаев осы киелі ұрпақтың алтын діңгегі еді…
***
Әр адамның өз жарық жұлдызы, пешенесіне жазылған тағдыры, қолдап-демепжүретін қамқоршысы болады деседі. Көзге көрінбей, бала- армандарға жолсілтейтін, үлкен жүректі көке Әуезханда да болды. Бірақ оны бала теміржолшыбілмейтін. Бір күні Әуезхан жұмыстан шаршап, үйіне баруға шамасы келмей, теміржол кеңсесінің бір бұрышында ұйықтап кетеді. “Ташкент Темір жолы” бастығыныңорынбасары Әзиз Қадыров Арысқа іссапармен келіп, кәсіпорынды аралап жүреді.Көзіне бір бұрышта басына кірпіш жастанған, астына газет төсеген бала түседі.Қасына келіп қараса, өзіне таныс, зыр жүгіріп, вагон номерлерін жазып жүретінжел аяқ бала екен. «Шаршаған ғой, бибақ бала. Мазаламаңдар» деп, Әуезхандықымтап, маңдайынан сыйпайды. Бірақ ол кісі ұйықтап жатқан баланың келешектеАрыс қаласының, тіпті Түркістан облысының Құрметті азаматы болатынын білген жоқ… Әзиз аға осылайша балаӘуезханды екінші рет аялы қамқорлығына алған еді…
Таң ала көлеңкеде бала орнынан тұрып, біреудің маңдайынан сыйпағанынсезеді. Бірақ ол адамның кім екенін білмейді. Араға жылдар салып, 1954 жылыАрыс сұрыптау «дөңесінде» кезекші Әуезхан Салықбаевтың кінәсінен екі вагонсоқтығысып, істен шығады. Соғыстан кейінгі кез. Заң қатал. Кезекші жігіттіңмәселесін станция басшылығында, одан соң Арыс бөлімшесінің басшылығындақаралып, жұмыстан шығарып, ісі әскери трибуналға берілсін деген шешімқабылданады. Ташкенттегі Темір жол басқармасы болған жағдайды саралап, соңғыжедел кеңесте мәселесі қаралады. Қатаң шара қолданып, іс әскери трибуналғатапсырылсын деген ұсыныстар айтылады. Сол кезде алқа мәжілісін басқарып отырғанТемір жол бөлімшесінің бастығы ӘзизҚадыров: «Мен бұл жігітті, Салықбаевты жақсы білемін. Есіме түсті. Ертеректе1944 жылы менің көз алдымда бір состав поездың вагондарының номерін он минуттажазып шыққан болатын. Және бір барғанымда кірпіш жастанып, астына газет төсеп,ұйықтап жатқанын да көргенмін. Өте адал жігіт. Керек маман. Сондықтан, біржолға кешірім жасап, қызметінен төмендетіп, әскери трибуналға бермей-ақ қояиық»дегені. Содан іс жабылды. Әуезхан солкүні бала кезінде маңдайынан сыйпаған адамның кем екенін білді. Тағы да Әзизаға екеніне қуанды…
Жылдар өте Әуезхан көкенің өзі де ондаған, жүздеген жас теміржолшығаұлағатты ұстаз, ақылшы-дос, қамқор басшы болады. Бірақ бұл қасиетті балатеміржолшы әзірше білген жоқ…
«Әкең өлсе де, әкеңнің көзін көрген өлмесін»деген қасиетті сөз бар. Әукеңмен әңгімелескен сайын, жастық шағыма, өз әкемЖолдасбек Сүлейменов-тың әлеміне қайта оралғандай әсерде боламын. Ол кісініңайтқан жылы сөздерін есіте бергім келеді. Қуанамын, марқайамын, бір жасапқаламын. Оны сезген көкем Жолдекеңмен арадағы ұзақ жылғы дос-сыйластықты есінеалады. Әкеме деген жүрек-сағынышын байқаймын…
Арыс қаласында болған жойқын жарылысхалықтың еңсесін түсіріп жіберді. Адамдар шашылып қалды. Бір-бірінен, ойнапжүрген, мектеп, балабақшадағы балаларынан қол үзіп, бас сауғалаумен болды.Міне, сол бір қысылтаяң кезде Әуезхан қажы халықты сабырға шақырды. Ақсақалдықбасу сөзін айтты. Ал, абыз ақсақал өмірден өткенде Арысқа, көкеммен қоштасуғакелдім. Аядай ғана теміржолшылар қаласы адам танымастай өзгеріп кетіпті. Қуаныпқалдым. Өйткені, бұл жерде бар ғұмырын темір жол саласын өркендетуге арнағанӘуезхан Салықбаевтың балалық шағының ізі, дара да дана көңілі, жігерлі сөзі,азаматтық қолтаңбасы мен мұндалап жатыр…
Әр дәуірдің тауқыметін көтеретін тіреуі,халқына сүйеу, жастарына үлгі, тарихитұлғалар болады. Әуезхан Салықбаев —Қасиетті Түркістан мен Шымкенттің, бүкілоңтүстік өңірдің абыз ақсақалы, екі ғасырдың бар қасіреті мен жақсылығын жүрегіменсезінген, ғасыр тұлғасы. Ол — бабалар аманатын арқалаған, ұрпағына жеткізген,түсіндіре білген асыл аға!
Бейсенбай Сүлейменов,
публицист,жазушы.
Алматы қаласы.