Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты
Дәрігерлер 60-тан асқан адамдардың «Қытай вирусын»көтеруі қиын деп дабыл қағып келеді.
Қауіпті вирусқа тап болған қарияғадәрігерлер орташа ауыр дәрежедегі корновирус індетіне шалдыққандеген диагноз қойған. Қауқары қайтқан ақсақалға ауыр кеселді көтеру қиямет қайымға барып оралумен тең болған.
— Маған бұл ауруды жеңу қан майданның қайнап тұрған ортасына түскенменбірдей болды. Ауруханаға келгенде кеселім үдеп, бір жұтым ауамен тыныстайалмадым, ол аздай, қан қысымым ұлғайып, дене қызуым қатты көтерілді. Өмір мен өлімталасқа түскен кезде мені ақ халатты абзал жандар жарық дүниеге қайтарып алды. Ажалданарашалап алған ақ желең иелеріне қалайшаалғысымды жеткізбеске?! -деп, тауқымет күнін еске алды Арон Штоллер.
Кеңес кезеңіндегі қолданыстан шығып, көнерген: «Қырықжыл қырғын болса да, ажалды өледі» -деген мақал осылайша санамызда қайта жаңғырды. Биыл 91 жасқа толған Арон Василиұлы маусымайының аяғында облыстық жұқпалы ауруларауруханасына түсіп, онда 10 күн емделіп шыққан. Ақсақал ем-домын қазір үй жағдайында жалғастырып жатыр.
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ,
Қарағанды