09:54, 10 Шілде 2020
Коронавируспен күреске тағы 150 миллиард теңге бөлінеді
Қазақстан коронавируспен күресуге 150 миллиард теңге бөледі, — деп хабарлайды Ақорда.
«Үкімет пен өңірлер пандемиямен күрестің өзекті мәселелерін шешуге 150 миллиард теңге бөледі. Негізгі міндет — коронавирустың таралуын тоқтату және науқастарды емдеуде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізу», — деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.