16:09, 11 Қыркүйек 2020
112 шақырым жолға шағал тас төселеді
Биыл Шымкент қаласында жалпы бюджеттен автомобиль жолдары саласын дамыту мақсатында 25,7 миллиард теңге қаралған.
Оған 259 нысан немесе 416 шақырым жол мен көшеге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Оның ішінде 310 шақырымы осы жылы пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар, қала аумағындағы топырақ жолдың мәселесін шешу мақсатында 112 шақырым жолға шағал тас төселеді.
Бірінші кезекте шағал тас жолдарға асфальт төсеуге және магистралды көшелердегі жолаушылар ағыны көп, көлік кептелісі жиі орын алатын тұстарда асфальт жабынын қалпына келтіруге басымдық берілген. Қалада көптеген көшелерде және Ордабасы алаңында орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда.
Шымкент қаласында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2 977 шақырымды құрайды.