Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:37, 16 Маусым 2020

118 миллион жегені болып тұрған дегені!

Елімізде кәсіпкерлерге қаншама жақсылық жасалып жатыр. Бәрі де «соларшаруасын дөңгелетіп әкетсін, елдің игілігіне жұмыс істесін» деген амал.

Өкінішке қарай, олардың қайсыбірі мемлекет қамқорлығын дұрыс түсінбей жүргенсекілді. Әйтеуір бүйректен сирақ шығарады. Қаражат қазанынан ыңғайына қарайжымқырып қалуға атырысады.

Айталық, Нұр-Сұлтан қаласында екі кәсіпкер бюджеттен 118 миллион теңгеніжеке пайдалары үшін иемденген. Осы теріс тірліктері үшін сотталды. Бұл туралы Қаржыминистрлігі жанындағы Қаржылық мониторинг комитетінің баспасөз қызметіхабарлады.

Комитет бұрынырақта Елордадағы «QazIndustry» Қазақстан индустрия жәнеэкспорт орталығы» акционерлік қоғамының қаржысын ұрлағаны үшін екі кәсіпкергеқатысты қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаған еді.  Кәсіпорындарды басқа тұлғалардың атына әдейібұрмалап тіркеген олар қылмыстық ісін жасырғысы келген. Бірақ қызметін өздерібасқарып отырған. «Жабдықтарға техникалық қызмет көрсетеміз» деп әуде бергенпысықтар жалған шығын сомасын көрсету арқылы қоржыннан 118  миллион теңге артық  алған.

Мемлекеттің бұл қаржылай көмегі ең алдымен шағын және орта бизнестіқолдауға, сондай-ақ шығындардың орнын толтыру және тауарлар, жұмыстар менқызметтердің бағасын төмендету мақсатында бөлінген. Амал қанша, сол ақшаныалаяқтар иемденіп кеткен.

Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық соты Қылмыстық кодекстің 190-бабы4-бөлігіне сәйкес («Алаяқтық») екі кәсіпкерді кінәлі деп тапты. Олар алты жылғабас бостандығынан айырылды. Енді олар бюджет қаржысын алуға қатысы бар қызметтекемінде 5 жыл жұмыс істей алмайды. Бұл аз болса,  сот «QazIndustry» Қазақстан индустрия жәнеэкспорт орталығына» 118 миллион теңгені және 1 770 000 теңгені мемлекеткірісіне баж салығы ретінде  өтеу туралықаулы шығарды.

Жансая ЖҰМАШ

Тегтер: