13 инфекциялық аурухана салынады

19.08.2020, 16:52

8

<p style=«font-size:16px;color:#333333;font-family:»background-color:#FFFFFF;"> Қазақстанда 13 инфекциялық аурухана салу жоспарланып отыр. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты. <p style=«font-size:16px;color:#333333;font-family:»background-color:#FFFFFF;">  «Жаңа 13 инфекциялық аурухана салынады. Бес мың тұрақты жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді», – деді Нұрымбетов үкімет отырысында.<p style=«font-size:16px;color:#333333;font-family:»background-color:#FFFFFF;"> Отырыста көрсетілген слайдтарға қарарағанда модульді ауруханалар болады. Оларды Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында салу жоспарланған. <p style=«font-size:16px;color:#333333;font-family:»background-color:#FFFFFF;"> Жаңа ауруханаларда 2,7 мың төсек-орын болады.<p style=«font-size:16px;color:#333333;font-family:»background-color:#FFFFFF;"> Аталған ауруханалардың қайда салынатынын ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.<p style=«font-size:16px;color:#333333;font-family:»background-color:#FFFFFF;"> «Осы жылдың маусым-шілдесінде коронавирус инфекциясы таралуының өте күрделі тәжірибесі бәріміздің есімізде. Ол кезде медицина ұйымдары пациенттер тасқынына төтеп бере алмай қалды. Алдағы уақытта мұндай жағдайға жол бермеу үшін және корнавирустың орын алуы мүмкін жаңа толқынына инфекциялық қызметтерді дайындау мақсатында Ведомствоаралық комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағыдай 2,7 мың төсек-орынға арналған жаңа 13 жұқпалы аурулар ауруханасын салу туралы шешім қабылдады», – деді министр.<p style=«font-size:16px;color:#333333;font-family:»background-color:#FFFFFF;"> Оның атап өтуінше, мұндай стационарлар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында салынады.<p style=«font-size:16px;color:#333333;font-family:»background-color:#FFFFFF;"> Қазіргі уақытта әкімдіктер жер учаскесін бөліп, мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаға сәйкес мердігер ұйымды таңдау процесін жүргізіп жатыр. Өңір әкімдіктері стационарға тапсырыс беруші саналады. Ал ауруханалар «Жұмыспен қамту» жол картасынан үнемделген және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Әрбір жұқпалы аурулар ауруханасының құнын әр әкімдік өздігінен қалыптастырады.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16
  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43