Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:36, 10 Ақпан 2021

13 мың қазақстандық вакцина салдырды

None
None

Қазақстанда 13 301 адам ресейлік «Спутник V» вакцинасымен егілді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы ресейлік „Спутник V“-мен вакцинация басталды. Вакцинация барлық өңірлерде басталды. 778 егу пункті орналастырылды, оның ішінде қазіргі уақытта 166-сы жұмыс істеп тұр, барлығы қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Тоғыз мыңнан аса медицина қызметкері оқытылды. 10 ақпандағы жағдай бойынша 13 301 адам егілді», — деді Алексей Цой ОКҚ брифингінде.

Министр бірінші болып вакцинаны инфекциялық стационарлардың, жедел медициналық жәрдемнің және басқа да бөлімшелердің медициналық қызметкерлері алатынын еске салды.

Одан әрі вакцинаны педагогтер, күш құрылымдарының қызметкерлері алады.

Тегтер: