Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:05, 13 Қаңтар 2022

13 қаңтардан бастап 3 облыста ТЖ режимі алынып тасталады

None
None

13 қаңтардан бастап Қазақстанның үш облысында төтенше жағдай режиімі алып тасталады.

ҚР Президентінің тиісті Жарлығы Ақорда ресми сайтында жарияланды «Жас Алаш».

«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына сәйкес, мына өңірлерде төтенше жағдай алып тасталады:

  • «Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 745 Жарлығымен енгізілген Солтүстік Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 7 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.
  • «Павлодар облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы №744 Жарлығымен енгізілген Павлодар облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 7 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.
  • «Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 740 Жарлығымен енгізілген Батыс Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 7 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.

 Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Тегтер: