13 шілде – Қазақстанда ұлттық аза тұту күні

14.07.2020, 00:40

5

Дүйсенбі, 13 шілде – Қазақстанда пандемия құрбандарын еске алу үшін Ұлттық Аза тұту күні.

Елде тулар төмен түсіріліп, телеарналарда көңіл көтеретін бағдарламалардың барлығы тоқтатылды. Дүйсенбі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 12.00-де індеттен қайтыс болғандарды еске алу үшін бүкіл елде бір минуттық үнсіздік жарияланады.

Елдегі мешіттер мен шіркеулерде құрбандар рухына бағышталып, діни жоралғылар жасалады.

Ресми дерекке сай, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 58 мыңнан асты. Денсаулық сақтау министрлігі 375 адам COVID-19 дертінен қайтыс болғанын айтады. Ресми статистикаға коронавирус жұқтырған жүзден астам марқұм енбеген. Министрлік олардың өліміне басқа дерт себеп болды деп, тізімге қоспай отыр.

Елде пневмонияда өршіп тұр.2020 жылдың алғашқы алты айында 98 546 адам пневмонияға шалдыққан. Бұл былтырғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 55,4 пайызға артық. 2019 жылдың бірінші жартысында пневмонияға 63 436 адам шалдыққан.

Егер қаңтар мен маусым аралығындағы алты айда пневмониямен 98 мың адам ауырса, шілденің бірінші аптасының өзінде (1-8 шілде) 56 809 пневмонияға шалдыққан. Оның ішіндегі 39 702 науқастың ПТР анализінен коронавирус табылмаған, бірақ ауру белгілері коронавирусқа ұқсас. Елде маусымнан бері пневмониядан мыңнан астам адам қайтыс болды.

Қазақстанда бұған дейін сегіз рет қаралы күн жарияланған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16