Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:01, 26 Желтоқсан 2022

14,5 млрд теңге жымқырған: Қайрат Боранбаевтың ісі сотқа жолданды (видео)

None
None

ҚР Қаржы мониторингі агенттігі Қайрат Боранбаевқа қатысты сұйытылған мұнай газын сатып алу және қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатты заңдастыру кезінде 14,5 млрд теңге ұрлау фактілері бойынша тергеуді аяқтады.

«Агенттік «АзияГазЧунджа» ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа және «Qazaq Gaz» АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 млрд теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады», — делінген ведомство хабарламасында.   

2022 жылғы 23 желтоқсанда Бас прокуратура істі соттың қарауына жіберді. Ұлттық компанияға келтірілген залал «Qazaq Gaz» АҚ шоттарына аудару арқылы толық көлемде өтелді.

Аяқталған іс шеңберінде азаматтық талап қою және мүлікті тәркілеу бөлігінде үкімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында айыпталушылардың 38 млрд теңге сомасындағы ақшалай қаражатына, 15 жылжымайтын мүлік объектісіне, 3 автокөлік құралына тыйым салынды.  

Агенттік Қайрат Боранбаевқа және басқа адамдарға қатысты газ экспорты кезінде ұрлау және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактілері бойынша бөлінген істер шеңберінде сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда. 

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Еске салайық, кәсіпкер Қайрат Боранбаев 15 наурызда қамауға алынды. Ол квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаражат ұрлады деген күдікке ілінді.

Тегтер: