Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:54, 01 Қараша 2019

147 млн бөлінсе де мектептің жөндеу жұмысы бітер емес

Қарағанды қаласындағы мүмкіндігішектелген балаларға арналған облыстық арнайы №3-ші мектеп интернаттың бүгінгіжағдайы мәз емес.

Білім ордасында 20 тамызда аяқталады деп жоспарланған жөндеужұмыстары әлі жүріп жатыр. Бұл туралы «Жас АЛАШ»  сайтының Қарағандыдағы тілшісі хабарлайды.

№ 3-ші арнайы мектеп-интернатқакүрделі жөндеу жұмыстары  жарты ғасырдан беріжасалмаған. Биылғы жылы биліктегілерден бір пәрмен болып, бюджеттен 147 млнтеңге бөлінген екен. Осы қаражатқа мектеп-интернаттың шатырынжөндеп, терезелерін ауыстырып, жылу құбырларымен электр желілерінің кейбірбөліктерін ауыстырмақшы болған еді. Алайда, ата-аналармен ұстаздардың айтуыншажасалып жатқан жұмыс көзге көрінбейді.

«Жөндеу жұмыстары жүріп жатқанда сабақ та болып жатты. Біздетехникалық қауіпсіздікке ешкім мән бермеді. Тіпті кабинеттер жетпей қалып, екісыныпты бірге қосып сабақ өткізген жайттар да болуда. Алқам -салқамы шыққан,дұрыс жұмыс жүргізілмеген сынып кабинеттерін мердігер өткізді. Сол кабинеттердімұғалімдер жанталасып ретке келтіріп тазалап алды», — дейді мектеп -интернаттыңқамқоршылық кеңесінің төрайымы Әсел БЕКБАЕВА.

Бір қызығы жұмыс толығыменаяқталды деген хаттама толтырылып мердігерге жүз пайыз қаражаты аударылыпқойған. Бүгінде мекен жайымен телефонын ауыстырып жіберген мердігерді табудыңөзі қиын болып кеткен. Бұл жерде жөндеу жұмысын қадағалауы тиіс органның қайдақарағаны белгісіз. Ал бүгінде басқа мектепке ауысып кеткен интернаттың бұрынғыдиректоры қағазға қол қойуға мәжбүр болғанын мәлімдейді.

«Маған техникалық жағын қадағалайтын және авторлық жағынажауапты мамандармен мердігер қол қойды, енді сізде қоясыз деп айтты. Жұмыстыңкөлемі және сапасы қағаз жүзінде барлық нормаға сай келіп тұр, егер сіз қолқоймасаңыз сыбайлас жемқорлық тұрғысынан заң бұзушылықтың болып тұрғаны депашық түрде ескертті», — дейді мектеп-интернаттың бұрынғы директоры АралЕРЖАНОВ.

Осы білім ордасында жатып, білімалып жүрген балалардың ата- аналары бұл жөндеу жұмыстары оқушылардың  денсаулығына зиян тигізе ме деп алаңдайды.

«Қыстың күні терезенің арасына қағаз жапсырып желімдепқойдық, суық азынап тұрады. Сосын жатын  бөлмелерінде жылытқыш құрылғылары үнемі қосулыболады. Енді қазір бізге электр желілерін ауыстырмадық  дейді. Ең керегі осы еді ғой. Жылда қабырғанысылап, еденге линолиум төсегеннен не пайда? Менің балам үш жыл бойы осымектептің ішінде күртесімен жүрді. Оған алаңдап жатқан ешкім жоқ», — депқынжылады мектеп-интернат тәрбиеленушісінің анасы Гүлнара ЖАҚЫПОВА.

Қазір ата-аналардың қамқоршылықкеңесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіндегі арнайымониторингтік топқа шағымданған. Мектеп -интернатқа келіп, көріп қайтқанмониторингтік топ мүшелері  «147 млнтеңгеге дұрыстап жөндеу жұмыстарын  жасаукерек еді. Нақты тексеру жұмыстарын жасап, сараптама тағайындаймыз» дегенқорытындыға келген.

Фотолар автордікі.

 

Тегтер: