15 балаға 159 мың теңге беріледі
Көп балалы отбасындағы сегізінші және одан кейінгі балаларғажәрдемақы төлеу мәселелері қарастырылып жатыр.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі БіржанНұрымбетовтың сөзінше, төрт баласы бар отбасыларға табысына қарамастан айына 42 500теңгеден, ал жеті және одан көп баласы бар жанұяларға 74 400 теңгеденберіледі.
«Мысалы, кәмелеткетолмаған 12 баласы бар көп балалы ана «Неге маған жеті баласы барларменқатар 74 мың теңге ғана береді?» деген сауал қояды. Сондықтан әділеттіболу үшін, енді жеті және одан да көп баласы бар отбасыларға жәрдемақынысараланған түрде, яғни сегіз балаға – 85 мың теңге, он балаға — 106 мың теңге,ал 15 баласы барларға — 159 мың теңге төлеу мәселесін қарастырып жатырмыз», — деді министр.
Біржан Нұрымбетов бұл өзгеріс заңға қай уақыттан бастапенсе де, ақша айырмасы 2020 жылдың 1-ші қаңтардан бастап төленетінін айтты.
Статистика бойынша, Қазақстанда бала саны төрткежетпейтін 2 млн 904 отбасы (4 млн 600 бала) бар. Олардың 190 мыңы аз қамтылғанотбасылар санатына кіреді.
Бұған дейін, Республика бойынша көп балалы аналар жаңажылдан бастап күшіне енген атаулы әлеуметтік көмектің жаңа жүйесіне наразылықбілдірген. Олар әр балаға 21 мың теңгелік жәрдемақы төлеу тәртібін қайтарудыталап еткен.
Фото: Азаттық радиосы.