Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:35

15 наурыз енді жаңа Конституция күні болады

Тоқаев
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазмедиа орталығы» студиясында жаңа Конституцияны қолдау бағытындағы үгіт-насихат жұмыстарына қатысқан жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы:

«Бұдан былай 15 наурыз – мемлекетіміздің басты құжаты саналатын Конституция күні ретінде аталып өтеді. Мен көптеген елдердің конституцияларымен таныстым және сенімді түрде айта аламын: біздің негізгі заң ең прогрессивті құжаттардың қатарында», – деді.

Сонымен қатар Президент жазда парламенттік сайлау өткізу жоспарланып отырғанын айтты.

«Біз бұл сайлауды біртұтас ел ретінде, ұйымшылдықпен өткізуіміз керек. Меніңше, бұл парламент жастардың парламентіне айналуы тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау бойынша өткен ұлттық референдумға қатысты алғашқы экзитпол нәтижелері жарияланды.

«СОЦИС-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының дерегінше, сауалнамаға қатысқандардың 87,4%-ы түзетулерді қолдаған. Дауыс беруге қатысу деңгейі 73,8% болған.

Ұқсас нәтижені Еуразиялық интеграция институты жүргізген экзитпол да көрсетті — дауыс беруге қатысқандардың 86,7%-ы өзгерістерді «қолдаймыз» деп жауап берген.

Ал «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты жүргізген зерттеуге сәйкес, қолдау деңгейі 88,6%-ға жеткен. Бұл ретте дауыс беруге қатысу көрсеткіші 72,1% болған.