Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:19, 22 Желтоқсан 2022

169 млн теңге негізсіз төленген: «Қазгеология» компаниясының басшылығы күдікке ілінді

None
None

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ басшылығына қатысты (мемлекеттің 100% қатысуы) лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Антикордың хабарлауынша, компания басшылығы жарғыны бұза отырып, директорлар кеңесінің тиісті шешімінсіз басқарма мүшелеріне (басқарма төрағасы, төрағаның 3 орынбасары, бас геолог) 2017-2019 жылдар кезеңінде жалақыны, бонустарды және материалдық көмекті артық төлей отырып, лауазымдық жалақының мөлшерін өз бетінше 2 есеге ұлғайтты деген күдікке ілінді, бұл 169 млн теңгеден астам соманы құрайды.

«Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», — деп мәлімдеді ведомство.

Тегтер: