Бүгін, 15:29
1,7 млрд теңге жымқыру дерегі бойынша сотталған Дамир Шыныбеков бостандыққа шықты
Оны амнистия аясында жазасын қысқартудан кейін еркіндікке шығарды.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түсіндіргендей, мерзім заң бойынша қайта есептеліп, өзгерістер ескерілгенде, ол сот тағайындаған жазаны толық өтеген болып саналады. Шешім сот арқылы қабылданды.
Шыныбековты 2020 жылғы қазанда соттаған. Сот мәліметтері бойынша, ол университеттің бұрынғы бас есепшімен бірге 1,7 млрд теңгеден астам қаражатты жымқыруға қатысқан. Ақша жасанды келісімшарттар арқылы шығарып, кейін қолма-қол ақшалай алған.
Сот екеуін де кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырған, мүліктерін тәркілеуге және білім саласында басшылық немесе материалдық жауапты қызметтерді 5 жыл атқаруға тыйым салынған.