Бүгін, 09:55
17 тонна жанармай мен 1 миллиард теңге: аса ірі жанармай ұрлығы әшкереленді
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 7 қаңтарда Шымкент полиция департаменті жедел ақпарат негізінде жанар-жағар майды заңсыз шығару схемасын ұйымдастырған адамдар тобын ұстады.
Қылмыстық ісқа мұнай өңдеу зауытының компания қызметкерлері де қатысып, мегаполис тұрғындарымен сөз байласып әрекет еткен.
Тексеру барысында ұрланған жанар-жағар майды бірнеше база аумағында сақтау және сату фактілері анықталды. Ұрлықтан түскен қаражаттың жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден астам екені белгілі болды.
Тінту кезінде үлкен көлемде ақша, 17 тоннадан астам жанар-жағар май, оны сақтау мен тасымалдауға арналған құрал-жабдықтар және бірнеше автоцистерна тәркіленді.