18 қазақстандық бала Мәскеудің Шереметьево әуежайында қалып қойды
Алматы жазғы лагерінің директоры мен 18 бала Мәскеудің Пушкин атындағы Шереме́тьево әуежайында қалып қойды.
Олар Алматыдан Санкт-Петербургке ұшуы тиіс болған. Алайда, шекарашылардың Мәскеудегі ұзақ тексерісінен кейін «Аэрофлот» әуе компаниясының Санкт-Петербургке ұшатын рейсіне кешігіп қалғандарын айтады. Енді олардың қайту билеттері де жарамсыз болып қалған.
Бұл тым ақымақ әрекет. Балалар тобымен Қазақстаннан Санкт-Петербургке экскурсияға ұшуымыз керек болған. Мәскеуге 15 минут кешігіп қондық. Неге екені белгісіз, құжаттарымызды өте ұзақ тексерістен өткізді. Әрқайсымызды жеке-жеке тексеріп шықты. Сосын біз басқа терминалға барып, тездетуді, қазір ұшаққа отырғызу басталатынын айттық. Олар әр сөмкені жеке қарап, тағы да уақытымызды алды. Сөйтіп, біз ұшуға 20 минут қалғанда, "сіздер кешіктіңіздер, ұша алмайсыздар" деп, ұшаққа отырғызу 20 минут бұрын аяқталғанын айтты.
Біз қазір балалармен қайда барып, не істейтінімізді білмейміз. Өйткені, Аэрофлот компаниясы бізге "кешіктіңіздер, сіздердің билеттеріңіз жарамсыз, тексерістен уақытылы өтпеген өздеріңіз кінәлісіздер" дейді. Енді басқа билет сатып алуымыз керектігін айтады. Кешіріңіз, менде 18 адамға билет алатын дәл қазір ақшам жоқ, екіншіден, қазақстандық карта Ресейде жұмыс істемейді дедім. Өз мәселеңіз дейді. Аэрофлотқа хабарлассақ, мәселені аэропортта шешіңіздер дейді, ал, аэропорт мәселені шешкісі келмейді.
Қазақстан елшілігіне хабарлассам, олар да әуекомпания мәселесінің бізге қатысы жоқ, өзіңіз бір амалын жасаңыз деп отыр. Жағдай осылай, - дейді «Романтик» балалар лагерінің директоры Александр Анатольевич Шевченко.